2018 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан инновациялық университетінде, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қоғамдық сананы жаңғырту: болашаққа көзқарас» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру барысында «Рухани жаңғыру — тарихыңды тану» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференция мақсаты қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті теориялық және практикалық мәселелерін талқылау болды.

ҚИУ президенті,  экономика ғылымдарының докторы, профессор Н.Ә. Әпсәламов конференцияға қатысушыларға арнап құтықтау сөз сөйледі.

Пленарлық мәжілісте с.ғ.докторы, әлеуметтік және тәрбие жұмыстары мен интернационализация жөніндегі проректор А.А. Бухаева, Семей қаласының Шәкәрім атын. мемлекеттік университетінің  профессоры А.И Исин., Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының  ғылыми-әдістемелік және экскурсиялық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Г.Ш.Тортенов, филос.ғ.к., ҚазГЮИУ профессоры Туйебаев М.М., ф.ғ.к., Семей қаласының Шәкәрім атын. мемлекеттік университетінің  доценті А.С. Актанова, философия ғылымдарының кандидаты А.С Омаров, Абай атын.кітапхананың қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер К.Ж.Нұрқасым, Абай атындағы «Жидебай-Бөрілі»  әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының және мемлекеттік тарихи-мәдени директоры Б.Ж Жүнісбеков сөз алды. Баяндамашылар қоғамдық сананы, ұлттық сәйкестікті және бірлікті жаңғыртудың өзекті мәселелеріне, Шығыс Қазақстандағы қасиетті жерлер және басқа да орындар, «Мәңгілік  Ел» идеясы аясында жастардың қоғамдық санасын жаңғырту мәселелеріне тоқталды.

Конференцияның екінші жартысында қаланың жоғары оқу орындарының ғалымдарының баяндамаларын талқылау жалғастырылды.

admin