Жылдың 256-шы күні (13 қыркүйек) Қазақстан инновациялық академиясында Бағдарламашылар күні мерекесі өтті. 256 саны барлық техниктерге жақсы белгілі, себебі бұл сегіз биттік байтты қолдана отырып білдіруге болатын әртүрлі мәндердің саны. Кафедра студенттері мерекелік шара және бірінші курс студенттері арасында зияткерлік ойын өткізді. Ойын 3 кезеңнен тұрды.  Алғашқы екі кезең сұрақ-жауап түрінде, үшіншісі- бағдарламашыларды төл мерекесімен құттықтау ретінде өтті. Ойынның белсенді және тапқыр қатысушылары бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара соңында АЖ және ЕТ кафедрасының 1 курс студенттері «Жас бағдарламашы» орденін алу мақсатында ант қабылдады.

Данияр Темирханов