Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі -8 наурыз, Халықаралық әйелдер күні мейрамының орны ерекше бөлек.Олай болатыны, әйел қауымына деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.

        Біздің университетте, әйелдерге арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп отырады. Жыл сайын университеттің президенті әрбір қызметкерге сыйлық береді. Дәстүрлі түрде, осы күні білім беру, ғылыми, тәрбие жұмысындағы жетістіктері бар үздік студенттерге, ғылыми жобалардың жеңімпаздарына мадақтамалар мен алғыс хаттар табысталды.

      Университеттің ер-азаматтары, өз әріптестері, қызметкерлер мен студенттер үшін шынайы тосын сый дайындады: мерекелік концерттік бағдарламаның барлық номерлері өздерінің орындауында өтті. Әрине, әріптестердің құттықтауы әрдайым жағымды, сондықтан олардың күш-жігері, ықыласы, ақ ниеттері абыроймен бағаланды. Барлық қатысушылар аудиторияны ерекше және жағымды әсерде қалдыру үшін өздерін жаңа қырынан  көрсете алды.