2017ж 7 желтоқсанында Қазақстан Инновациялық Университетінде «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен «Заңгерлер күніне» арналған мерекемізді атап өттік. Заңгер мамаңдығы халық арасында танымал, көпшілік таңдайтын мамандықтардың бірі. Заңгер әділетсіздіктің құрбаны болған тұлғаға, қылмыстан зардап шеккен жәбірленушінің өз құқықтарын қалпына келтіруге, оларды қорғауға көмек береді.

 Заңгерлер күніне арнап бейне құттықтау сөздерді тындадық, бізге білім нәрін берген оқытушыларымыздың және университетімізді бітіріп кеткен түлектеріміздің құттықтау сөздері бізді бір қуантты.

 Рамазанов Еркебұлан Ю-41 тобының студенті және Айкымбеков Шамиль ИЗО-32 тобының студенті бізде домбырамен өздерінің өнерлерін көрсетті.

 Қонаққа келген қонақтарымыздың әсем дауысымен көрермен қауымды таң қалдырды: Матешова Еркежан ең кішкентай қонағымыз, Рзабаев Думан, Токан Бекболат, Ризабаев Еркебулан, Мұрат Мұхтар, Ю-12 тобының студенттері заманауи бимен көрермен қауымды таңқалдырды.
Біздің түлектеріміз Ю-42 тобы өздерінің кішігірім қойылымдарымен «Полиция қызметкерінің күнделікті жұмысы» және «Күлкілі бейне жазбаларымен», көрмен қауымды бір тамсандырды, концертімізді түлектеріміз өздерінің әндерімен аяқтады.

admin