Қазақстан инновациялық университетінде  тәуелсіздік күніне орай «Тарих және этносаясат» кафедрасы ұйымдастыруымен 14 желтоқсан күні «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты  мерекелік іс-шара өткізілді.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылған бұл мерекелік кеште әлеуметтік және тәрбие жөніндегі проректор,саяси ғылымдарының докторы, профессор Бухаева А.Аөзінің баяндамасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуы мен қалыптасуының негізгі кезеңдеріне тоқталып,еліміздің жетістіктерін атап өтті.

  ҚИУ университетінің Президенті, э.ғ.д профессор Нәдірбек Әпсәләмұлы өз құтықтау сөзінде студенттерді Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы жастардың қолында екендігін,сондықтан өнер-білім,ғылымға ұмтылып,бәсекеге қабілетті мамандық иелері атанып, өз елінің патриоты болуға, және Тәуелсіздігімізді қастерлеуге шақырды.

      ЖОО  мен қаламыздың қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқан студенттер мен оқу озаттары ҚИУ президентінің мақтау қағаздарымен марапаталынды.

  Студенттердің мерекелік бағдарламаға дайындаған күйлер мен ұлттық билері, патриоттық әндері орындалды.Тақырыпқа байланысты слайд,видеолар  көрсетілді.

      Мереке кезінде басты назар өз Отаны Тәуелсіз Қазақстан еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке, еліміз Тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімізбен таныстыру,сондай-ақ Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа тәрбиелеу, ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру. Елге, жерге, тілге деген патриоттық сезімдерін ояту, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді де саналы, жігерлі жастардың керек екенін түсіндіру.