Қазақстан инновациялық университетінің  22 ақпанда өткен Ғылыми кеңесі отырысында «Педагогика, психология және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы Бағлан Иманғалиқызы Байгундиноваға «Қазақстан инновациялық университетінің қауымдастырылған профессоры»академиялық  атағын беру туралы шешім қабылданды.  Байгундинова Бағлан Имангалиқызы 2013 жылдан бастап ҚИУ-да жұмыс істейді. Жоғары білім беру жүйесіндегі жалпы еңбек өтілі 27 жыл. Ол конфликтология, медициналық психология, клиникалық психология, мамандану бойынша практикум-1, әлеуметтік-психологиялық тренинг негіздері, психофизиология (орыс тілінде), жас ерекшелік және мектеп гигиенасы, гендерлік психология 2 тілде, мамандану практикумы-1, психофизиология (мемлекеттік тілде) сияқты 16 пән бойынша  академиялық топта оқытушылық қызметті табысты жүзеге асыруда. Бағлан Иманғалиқызы -жоғары білікті маман, «ҚИУ үздік оқытушысы — 2016» номинациясының жеңімпазы. Оның сабақтары оқыту мен тәрбиелеудің дәстүрлі, инновациялық әдістерін (проблемалық-бағытталған, ситуациялық есептерді шешу) пайдалана отырып, жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өтеді. Жыл сайын академиялық топтарда ашық сабақтар, жас оқытушылар мектебінде  арнайы шеберлік сыныптарын өткізетін іздінімпаз ұстаздың  әзірлеген оқу-әдістемелік материалдары оқу процесіне енгізілген және студенттердің білім сапасын арттыруға ықпал етуде.

2018 жылы «Психология» мамандығының студенттері ОЖСБ өткізу кезінде республикалық деңгейден 6,08 балл жоғары, 2017 ж деңгейінен 19,9 балл жоғары білім көрсетті. ҚР БҒМ тапсырмасы бойынша «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасы өткізген білім беру бағдарламаларының рейтингісінде «Психология» мамандығы Семей қаласында бірінші орын, ШҚО-да 2 орын алды. Мұғалім қызметінің басты аспектілерінің бірі   ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылатындықтан, оның зерттеу нәтижелері тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар алыс жақын шетелдерде халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында жарияланды.  8 оқу-әдістемелік құралының, «Заманауи білім кеңістігінде оқытудың теориясы мен тәжірибесі» монографиясының авторы, Скопус деректер қорының рейтингіне кіретін журналда 2 жарияланымы, ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдарда 10 жарияланымы, РИНЦ 6 жарияланымы, шетелдік халықаралық конференциялардың материалдарында 10 баяндаманың авторы. 2019 жылы оқытушы авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтер енгізу туралы куәлік алды («Медициналық психология»оқулығы). Оның жетекшілігімен» Психология» мамандығының студенттері 2016 ж және 2018 ж конференцияда жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.

Бағлан Иманғалиқызының тәрбиеленушілері еліміздің түкпір-түкпірінде табысты еңбек етуде және олар психология саласында алған терең білімі үшін өз ұстаздарына алғысын білдіреді. Л.Қалиева  Семей қаласының әскери бөлімінде, Р.Самарова ШҚО ІІБ–да, Е.Аканова  — Астана қаласының психологиялық орталығында, Л.Тусупбаева – Астана қаласының Ана мен бала орталығында, А.Курмашева -Алматы қаласы білім беру жүйесінде жұмыс істейді.

Үздік педагог кураторлар кеңесінің төрағасы ретінде студенттерді патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиелеу бойынша жұмыстар жүргізеді. Білім беру жүйесіндегі көпжылдық жемісті еңбегі үшін педагог 2013 жылы «Ерен еңбегі үшін» төс белгісімен, ҚР БҒМ және Семей қаласы әкімінің, ҚИУ Президентінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Таңқаларлық еңбекқор, жоғары мектепке берілген, ынталы және кең ойлы жан Бағлан Иманғалиқызы университеттің профессор-оқытушылар арасында лайықты беделге ие.

Осы қуанышты және жарқын күндерде ҚИУ ұжымы      Бағлан Иманғалиқызын тамаша оқиғамен — жоғары акдемиялық профессор атақ берілуімен құттықтайды, зор денсаулық, ғылыми және педагогикалық қызметте жаңа табыстар тілейді.

Беспаева Г. К.,

ҚИУ ғылыми хатшысы, п. ғ. к., доцент