«ҚР Тәуелсіздік күні» мемлекеттік мерекесі қарсаңында біздің жоғарғы оқу орынының интернационализация,әлеуметтік және тәрбиелік жұмыстар бойынша проректоры с.ғ.д. Бухаева А.А.   жоғарыбілікті мамандар дайындауда жемісті қызметтері үшін,Семей қ.әкімінің кезекті грамотасымен  және педагогикалық қызметтері үшін құнды силықпен және « Жанұя орталығы» қоғамдық қоры бойынша қоғамдық қала өміріне белсенді қатысқаны үшін марапатталды.

  Аталған ұйым өкілдерімен біріге Анара Арғынқызы жанұя құндылықтарына бағытталған,әлеуметтік-мәдениеттік дәстүр негізінде отбасын нығайту,рухани ұлттық өмір салты бойынша қала жастары арасындағы шараларға белсенді қатысты.

  Көптеген жылдар бойы БухаеваА.А. Семей қаласының қоғамдық өмірінің белсенді қатысушысы.Аймақтың ақпарат-насихаттау тобы құрамымен жастардың өзекті проблемалары бойынша конференциялар,семинарлар,дөңгелек столдар ұйымдастырады және өткізеді.  Қазақстан халқына Президенттің жыл сайынғы жолдауы негіздерін түсіндіру бойынша қала қоғамы алдында сөз сөйлейді.

 Ішкісаяси тұрақтылықты нығайту үлесі үшін,белсенді азаматтық көзқарасы үшін,елдің экономикалық тұрақтылығына қолдау курсы аясында  Анара Аргынқызы бірқатар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің және Семей қаласы әкімінің грамоталарымен марапатталды.

  Оқытушылар ұжымы және Қазақстан инновациялық университетінің студенттері Бухаева Анара Арғынқызын кезекті сыйақысымен құтықтайды және біздің еліміздің игілігі үшін студенттік жастарда патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиелеуде одан әрі табыстар тілейді.

admin