03.03.2020ж. Алматы қаласы Нархоз университетінде Академик Оқаев Қаби Оқаұлын еске алуға арналған «Жастар ғылымының апталығы — 2020» халықаралық жастар форумы аясында «Микроэкономика» пәні бойынша  Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.

«Қоғам, технологиялар және экология» Мектебінің деканы, PhD Юан Симпсон студенттерге өзінің құттықтау сөзімен Республикалық олимпиаданы салтанатты түрде ашты. Декан Юан Симпсон: «Бұл іс- шара дәстүрлі және жыл сайын өткізіледі. Осы жылы атал ған форум Нархоз университетінің негізін қалаушы, Еуразия академигі, Қазақстанның Жоғары Мектебі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Окаев Қаби Оқаұлын еске алуға арналады» деп атап өтті. Сонымен қатар «Микроэкономика» пәні бойынша олимпиада теориялық және практикалық оқыту процесінде алған білім мен іскерлікті бекіту және тереңдету мақсатында өткізілді.

Олимпиаданың қатысушылары ҚР-ның жоғары оқу орындарында экономика саласында жоғары білім алатын 1,2 және 3 курс студенттері болып табылды. Олимпиадаға қатысу үшін «Микроэкономика» пәні бойынша әрбір команда 3 студенттен құрастырылып, командалардың өз атауы, эмблемасы және ұраны болды.

Жалпы олимпиада  3 кезеңде өтті:

  • 1 кезең — командалардың презентациясы (таныстыру);
  • 2 кезең-тест тапсырмаларын орындау (әр команда мүшесі тест сұрақтарына жеке жауап берді , әр қатысушыға әр түрлі нұсқалар берілді );
  • 3 кезең — практикалық тапсырмаларды орындау, есептерді шешу, графиктер мен т. б. құрастыру (команда мүшелеріне жалпы тапсырма берілді).

«Микроэкономика» пәнінен Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан инновациялық университеті «Қаржы» мамандығының студенттері Сархытбеков Ернар Ф-21 тобының студенті, Ахмеджанова Мадина, Тайменова Аружан Ф-12 тобының студенттері  жүлделі  3-ші дәрежелі дипломмен және «Үздік экономист» номинациясымен марапатталды.

Қазақстан инновациялық академиясының Президенті, профессор Әпсәлемов Нәдірбек Әпсәлемұлы және ғылыми жетекшісі «Бизнес және басқару» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі Адришева Нұржанат Серікқалиқызы «Жастар ғылымының апталығы — 2020» халықаралық жастар форумы аясында «Микроэкономика» пәні бойынша  Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға студенттердің белсенді түрде қатысқаны және студенттерді жоғары кәсіби деңгейде дайындағаны үшін алғыс хаттармен  марапатталды.