МЕМЛЕКЕТТІҢ ТАБЫСҚА ЖЕТУІНІҢ КЕПІЛІ ЕЛДІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ – ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ

(ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауына менің көзқарасым)

ИӘ және тәрбие ісі жөніндегі

проректорPhD докторы Оразгалиева А.К

2018 жылдың 5-қазаны күні ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы жолдауымен танысу мақсатында арнайы көрсетілім Қазақстан инновациялық университетінің акт залында оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттеріне ұйымдастырылып, Жолдау аяқталғаннан кейін оқытушылар мен студенттер арасында талқылау жұмысымен жалғасты.

Қазақстандықтар өзіміздің тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің дамуы жолында аянбай еңбек етіп келеміз. Біз экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті тәуелсіз елімізді құрдық. Сапалы әрі мағыналы реформаларды жүзеге асырдық. Еліміздің халықаралық деңгейдегі беделінің артуына қол жеткіздік. Осы жетістіктерге жетудегі негізгі себебіміз – халқымыздың  тұрмыс сапасын арттыру.

Елбасымыздың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында басты мақсат ретінде халық табысының өсуі ерекше аталып көрсетілген. Өйткені, кез-келген мемлекеттің табыстылығы ең алдымен өз халқының әл-ауқаты көрсеткішімен өлшенетіні барлығымызға жақсы белгілі.

Егер адамның өзі еңбекқор болып, өзі таңдаған кәсібін жоғары деңгейде меңгергенде ғана лайықты жалақы алып, жоғары табыс табуға қол жеткізе алады. Біз тұрғылықты халықтың тұрмыс сапасын арттыру арқылы өмір сүру деңгейінің артуына қол жеткіземіз. Ол үшін тегін білім беру мүмкіндіктері қарастырылса, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, халық үшін жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелерінің мемлекет тарапынан кеңінен қарастырылуы әрбір қазақстандық отбасы үшін үлкен көмек болар еді деп санаймын!

Осы уақытқа дейін жүзеге асырылып келе жатқан барлық мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту. Міне осы бағытта Қазақстанымыздың бағындыратын биіктері әлі алда деп сенеміз. Ол үшін біздің болашағымыз – жастарымыз түбегейлі өзгерістердің қарқынымен қатар жүре білулері керек.

Қорытындылай келе, әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған Қазақстанымыздың халықтың әл-ауқатын арттырудағы жетістіктері мол болсын!