Қазақстан Инновациялық Университетінде 14 желтоқсан күні қаладағы мектептер арасында жылда болатын Спорттық Спартакиада өтті. Осы жылғы Спартакиада «ҚИУ-25» жылдығына арналды.

Спартакиадаға қатысуға 4 мектептің оқушылары шақырылды. Атап айтсақ, №8  орта білім беру мектебі  ойынға жылда қатысады, сонымен қатар ,ҚИУ-нің кубок иегерлері. №39, №41 мектептері  жыл сайын қатысып жүр..Ал №42 мектеп оқушылары Спартакиадаға бірінші рет қатысты.

Ойын қызықты да тартымды өтті, алайда барлық мектеп оқушылары теңбе-тең түсті. Тек финалда ғана орындар берілді.

1 орын – әдеттегідей №8  мектептің 11 сынып оқушыларының командасы  жеңіп алды. 1 орын алғандары үшін мадақтамамен марапатталып, ҚИУ-нің Кубогы берілді. Сонымен қатар,сыйлықтар табыс етілді.

2 орын — №41 мектеп оқушыларының командасы жеңіп алып, мадақтамамен марапатталды.Оларға да сыйлықтар табыс етілді.

3  орын — №39 мектеп оқушыларының командасы 3-ші орын алғандары үшін мадақтамамен марапатталып, сыйлықтар берілді.

Ал №42 мектеп оқушылары командасына ойынға белсене қатысқаны үшін мадақтама алды. Оларға да сыйлықтар берілді.

Мектептің барлық тренерлері алғыс хатпен марапатталды.