Қазақстан инновациялық академиясының Ғылыми жұмыс, халықаралық байланыстар  және инновация жөніндегі проректоры,  «Бизнес және басқару» кафедрасының доценті, PhD докторы Оразгалиева Арайлым Канатовна «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен еліміздің педагогтарын қолдау үшін қолға алынған Республикалық «Үздік педагог» жобасы аясында ұйымдастарылған «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК  ҰСТАЗЫ» атты республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанды.

Байқауға қатысу барысында жоба қатысушылары білім саласында жеткен жетістіктерін құжаттарымен растай отырып, республикалық және халықаралық басылымдарда шыққан мақалаларының көшірмелерін жіберді.

Байқау конкурстық негізде жүзеге асырылды. Республикалық байқаудың нәтижесінде жеңімпаздардың өзі жайлы жазылған автобиографиясы кітап жинаққа енгізілді.

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК  ҰСТАЗЫ» атты республикалық байқауының марапаттау рәсімі және кітап жинақтың таныстырылымы 2020 жылдың 19 ақпаны күні Нұр-Сұлтан қаласында Министрліктер үйінде конференция түрінде өтті.

Біздің академиямыздың доценті, PhD докторы Оразгалиева Арайлым Канатовна арнайы тағайындалған «Жылдың үздік ұстазы» төсбелгісімен және І дәрежелі республикалық дипломмен марапатталды.  Жеңімпаздарды марапаттау қазақстандық ғалымдармен және қоғам қайраткерлерімен табысталды.

Арайлым Канатовнаны жеңісімен шын жүректен құттықтайм ыз!!!

Ерасыл Даулетханов