Желтоқсанның 14 жұлдызында Қазақ инновациялық университетінің қабырғасында қаламыздың мектептері арасында педагогика, психология және дизайн кафедрасының ұйымдастыруымен биология пәні бойынша олимпиада өткізілді,олимпиадаға 40 мектеп түлектері қатысты. Соның ішінде қатысқан мектептер: КММ «10, 12, 15, 19,  21,  27, 31, 34, 42, 48 ОМ».

Олимпиада 2 кезеңнен тұрды: тест тапсырмалары және зияткерлік сұрақ-жауап сайысы.

Бірінші кезең бойынша 16 қатысушы келесі кезеңге өтті. Ойынның сұрақтарына дұрыс,әрі белсенді жауап беріп жеңімпаз атанғандар:

1 орын: Тансыкбаева Дана ( №27 ОМ);

2 орын: Кузнецов Максим (№ 34 ОМ) ;

3 орын: Тұрлыбаева Дана ( № 34 ОМ).

Жеңімпаздар мен олардың жетекшілері мақтау қағаздарымен марапатталды.       Оқушыларды жақсы дайындап, белсенділік танытқандары үшін ҚИУ президентінің алғыс хатымен  №10 ОМ Гончаренко Н.Г., №31 ОМ Катпенова Б.Б., Молчибаева Д.К.,  № 15 ОМ Кудайбергенова С.А., Мухамедиева С.А.,  № 21 ОМ Айткалиева Б.А.,  № 15 ОМ Кудайбергенова С.А.,  №34 ОМ Олжаева Г.Р., Еркинтаева Б.Е., Ахметкаримова Б.Ж.,  № 27 ОМ Тохтағанов Т.Р.,  №42 ОМ Заурембекова Ш.И., № 12 ОМ Журавкина О.Б., № 19 ОМ Бакабаева А.Б., № 48 ОМ Ботабаева Ж.С марапатталды.

Сонымен қатар,олимпиада қатысушыларына университет ішінде саяхат жасалып, университет туралы фильм көрсетілді.

Педагогика,психология және дизайн кафедрасының меңгерушісі: Жакиянова Ж.Г.