Омск қаласында халықаралық гуманитарлық ғылымдар саласындағы ең үздік ғылыми басылымдардың V Бүкілресейлік байқауы болып, оған біздің университетіміздің авторлық ұжымы Ә.Н.Әпсәлямовтың жетекшілігімен қатысты.

Бірінші дәрежелі диплом иегерлері: Н.Ә. Әпсәлямов, А.А.Мухамадиева, М.С. Ержанов, А.М. Ержанова «Экономика» бағыты бойынша үздік оқу құралы (шет тілінде) номинациясы бойынша марапатталды. International standards on auditing; оқу құралы / Н.Ә. Әпсәлямов, М.С. Ержанов, А.М. Ержанова, А.А. Мұхамедиева. -Семей: 2016. — 141 б. Екінші дәрежелі дипломдар: Н.Ә. Әпсәлямов, Р.А. Аимқұлов, У.С.Алимбетов,Г.З. Зайнелова «Экономика» бағыты бойынша үздік монографиясы номинациясы бойынша марапатталды.Қазақстан Республикасының экономикасын инновациялық дамыту: монография / Н.Ә.Әпсәлямов, У.С. Алимбетов, Г.З. Зайнелова, Р.А. Аимқұлов.-Өскемен: 2016. — 315 б.

Халықаралық аудит стандарттарының теориялық негіздерін және басқарудың практикалық аспектілерін, өткен және қазіргі уақытта біздің елімізде және бүкіл әлемде экономикалық процестерді түсінуге арналған жұмыстар тек экономистер арасында ғана емес, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығында да, ресейлік тәжірибешілер арасында да қызығушылық тудырды.

KИУ профессор-оқытушылар құрамы өз әріптестерін шын жүректен құттықтайды,оларға жаңа идеялар, қызықты жарияланымдар, әрі қарай AlmaMaterдің жоғары ғылыми әлеуетін жоғарлатып, биік жетістіктерге жете берулерін тілейді.