Ақпараттық-кеңестік көмек көрсету мақсатында Қазақстан инновациялық университетінде қабылдау комиссиясы әрекет етеді. Қабылдау комиссиясының төрағасы ҚИУ президенті, профессор, экономика ғылымдары докторы, Апсалямов Нәдірбек Апсалямұлы болып табылады.

 Қабылдау комиссиясының негізгі міндеттері:

— талапкерлерге, олардың ата-аналарына, білім мекемелерінің өкілдеріне бакалавриат пен магистратура мамандықтары бойынша қабылдау ережелері туралы толық ақпарат ұсыну

— ЖОО-ға оқуға түсу, ауысу мәселелері бойынша тілек білдірушілерге кеңестік көмек көрсету 

— университеттің профессорлар мен оқытушылар және студенттер ұжымдарының қатысуымен кәсіптік бағдарлау шараларын өткізуде қала мен өңірдің білім мекемелеріне жәрдемдесу

— талапкерлерде кәсіпке бағдарланған білімді кеңейту мақсатында олар үшін шаралар өткізу 

— университеттің професорлар мен оқытушылар құрамының және студенттерінің жағымды бейнесін құруға бағытталған жарнамалық науқандарды өткізуде жәрдемдесу.

Барлық сұрақтар жөнінде қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Әлмағанбетов Бақытқазы Нұрсаханұлына 8(7222)  56-22-53 телефон, 8(7222) 56-58-13 факс нөмірлері арқылы хабарласуға болады.

Қабылдау комиссиясы Қазақстан инновациялық университетінің бас ғимаратында, ШҚО, 071400, Семей қ., Байсейітов көш., 5, кабинет №102 мекенжайы бойынша орналасқан.  

Қабылдау комиссиясының талапкерлерден құжаттарды қабылдау бойынша жұмысының басталуы – 20.06.2014