ҚИУ АРУЫ 2019 |

Июн 14, 2019

Қазақстан инновациялық университетінде 2019жылдың 15 наурыз күні жыл сайынғы «ҚИУ АРУЫ» сайысы өтті.Байқауды өткізудің мақсаты университетіміздің ең сұлу, көрікті, тәрбиелі, ақылына көркі сай қазақ қыздарын таңдап алу .

Байқауға университетіміздің әр мамандықтың 1-3курс студенттері қатысты:

ПС-12 тобынан Оспанова Мадина, ПП-11 Кабдылкакова Айганым, Кабылеткызы Гүлзат, КТ-11 Газизова Сая, Диз-12 Билялова Дана, ИС-11 Сабекова Гаухар, ПС-31 Тускунова Тогжан, ИЯ-12 Багдаткызы Аружан. «ҚИУ АРУЫ-2019» сайысы  6 кезеңнен тұрды:

I кезең. «Таныстыру»

II кезең. «Өз өнері»

III кезең. «Интеллектуалды сайыс»

IV кезең. «Менің бір күндік өмірім»

V кезең. «Қазақ биі»

VI кезең. «Көктем тақырыбына сән үлгісі.

Байқау шарттары бойынша арулар қазақ халқының тарихы, әдебиеті мен салт- дәстүрінен хабардар болуы қажет. Ал бұл сайыс сұлулық байқауы болғандықтан, қатысушылар білімімен қатар сұлулығын да көрсете алулары қажет. Сайысқа қатысушы арулар тек қана сұлулығы жағынан емес, сонымен қатар жан-жақтылығымен,  ақыл мен өнерімен сыналды.

Қорытындылай келе, әділ қазы алқалары ақылына көркі сай, өнерлі, сұлы да сымбатты арулардың арасынан ең үздіктерін марапаттады. Қорытынды бойынша 3 орын иегері «Қазақ тілі» мамандығының 1 курс студенті Ғазизова Сая, 2- орын иегері Оспанова Мадина «Рмтхология мамандығының студенті, 1-орын Кабдылкакова Айганым «Педагогика және психология» мамандығының студенті алды. Бас жүлдені алған «ҚИУ АРУЫ- 2019» атағына ие болған ПС-31/32 топ студенті Тускунова Тогжан. Алдағы уақытта Тогжанды қалалық университет аралық сұлулар сайсы күтуде. Бұл сайыста Тогжанға университетіміздің атағын қорғап шығуға және де жеңіске жетуіне үлкен сенім білдірейік!