2018 жылдың 23-қазаны күні Қазақстан инновациялық университетінде, Семей қалалық «Ішкі саясат бөлімі» ММ,  «Семей қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ, қаламыздың бұқаралық ақпарат құралдары қолдауымен  «Экономика, қаржы және есеп» кафедрасы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында студент- жастарды патриоттық сезімге, ұлттық-рухани тәрбиені қалыптастыруға бағытталған «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге «Семей қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ директоры О.Соғымбай мырза, Ж.Шайжүнісов атындағы электронды колледжінің студенттері, ҚИУ оқытушылары мен студенттері, «Бәйтерек» ғылыми үйірмесінің мүшелері қатысты.

Дөңгелек үстел модераторлары: ҚИУ тәрбие ісі бойынша проректоры,  PhD докторы Оразгалиева А.К., кафедра меңгерушісі орынбасары, PhD докторы Еркінова С.Е.

«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел мақсаты — еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары, тәрбиелі Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарды ортаға салу; ұлттық мәдени құндылықтарды меңгерудегі студент – жастардың біліктілігі мен белсенділігін арттыру; жастардың патриоттық мінез-құлқын қалыптастыру; білім беру, құзыретті мемлекеттік мекемелер және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты арттыру, бірлескен шешімдер қабылдау.

Ең бастысы, үлкенге ізет – кішіге құрмет жасай отырып, рухани құндылық қатынастарға тәрбиелеу!

Дөңгелек үстелдің ашылуы «Үлкенге ізет» деп аталатын бейнебаянды тамашалаудан басталып, қатысушылардың өздерін толғандырып жүрген сауалдарын талқылаумен жалғасты.

Аталған шара жоспарына сәйкес Ф-31 тобының студенттері Дюсенбаева Жұлдыз бен Мухаметова Айдана «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» және Ф-22 тобының студенті Тілеубаева Гүлбақыт «Система воспитания в казахской семье: прошлое и ностоящее» тақырыптарында өздерінің дайндаған қызықты баяндамаларын оқып, талқылауға көпшілік ортаға салды. Артынан отырыс қонақтарының сұрақ-жауаптарын қамтыған пікір алмасумен жалғасын тапты.

Кез-келген адамның бойында жақсы – жаман қасиеттері болатыны бәрімізге белгілі. Ал біздің халқымызда үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға бала кезден көп көңіл бөлінетіндігі туралы ҚИУ президенті э.ғ.д., профессор Н.Ә.Әпсәлемов және СД және ОӘЖ проректоры А.М.Комбарова өздерінің пікірлерін білдіре отырып, ойларымен бөлісті. Олар тәрбиенің ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың үйреткенінен, кез-келген адамның кісілігінен білінетіндігін атап кетті.

Келесі кезеңде, өзге елдің ділі мен салтынан үзінділер келтіре отырып, «Сіз қалай ойлайсыз?» деген сұрақпен халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ұлыбритания университетінің магистратура түлегі, оқытушы Токенов Д.С. қызықты ақпараттарымен қатысушыларды қызықтыра түсті.

Дөңгелек үстелдің барысында «Экономика, қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі Б.К.Кадыровтың ұйымдастыруымен «Тәрбиелік мәні бар мақал – мәтелдерді білеміз бе?» деген сауал қатысушыларға жолданып, ұлағатты сөздердің мағыналары айқындалып, талқыланды.

Тәрбиелік мәні бар дөңгелек үстелімізді жүргізу барысында

Ойы терең мұхиттай дана болғым келеді,

Көңілі аппақ сүттен де бала болғым келеді.

Адалдықты сүйетін жүрегімен, жанымен,

Бал бұлақтай мөп — мөлдір таза болғым келеді.

Адамдардың бәрінен кіші болғым келеді,

Ең бастысы өмірде – кісі болғым келеді,

деп қазақтың ақындары жырлағандай, қазіргі таңдағы кісіліктің ерекшелігі неде деген сұрағымызға «Семей қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ директоры О.Соғымбай мырза өте тамаша мысалдар келтіре отырып, «кісіліктің» кілті «кішілікте» екеніне тағы да көзімізді жеткізді.

PhD докторы А.К.Оразгалиева – «біз де сіздердің әдепті де, ақылды, адамгершілігі мол, үлкенді сыйлай білетін, кішілерге қамқоршы аға, ата — анаға көмекші, адамдарға мейірімді бола білетін тұлға ретінде сенім білдіретініне баса назар аудара отырып», «Тәрбиеге саяхат» атты ми шабуылы сайысын ұйымдастырды. Ортаға тасталған ой-пікірдің негізінде студенттеріміз берілген қызықты ситуацияларға өздерінің пікірлерін білдірісе, іс-шараға арнайы келген Ж.Шайжүнісов атындағы электронды колледжі студенттері алдын – ала дайындалған «Құпия хаттарға» өз пікірлерін білдірді, қалыптасқан ситауациядан шығу жолдарын кеңес етті.

Соңында, «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелді қорытындылай келе, Қазақстан инновациялық университетінің студент-жастары Семей қаласы жастарына, сондай-ақ бүкіл қазақстандық жастарға рухани, тәрбиелік бағытта үндеу жариялады.

Ұлы істердің қандайы болмасын кішіпейілділіктен басталатындығын есімізден шығармайық, ұлы халық ұрпағы мың жасасын!

ҚАЗАҚСТАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СТУДЕНТ – ЖАСТАРЫ

ҮНДЕУІ

Біз, Қазақстан инновациялық университетінің студент – жастары, «Үлкенге құрмет, кішіге – ізет» тақырыбында өткізілген іс – шараны қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында анықтаған басымдықтарын іске асыру мақсатында қаламыздың оқушылары мен студент – жастарына осы шынайы Үндеуді жолдаймыз:

  • біз, тәуелсіз Қазақстанның жас азаматтары, жақсы оқуға және ғылымның негізін толық игеруге, өз білімімізбен, еңбегімізбен Отанымыздың байлығын нығайтуға, Қазақстанның жоғары дамыған елдер қатарына қосылуы үшін қолымыздан келгенін жасауға уәде беруге ШАҚЫРАМЫЗ!
  • өз халқымыздың дәстүрін жалғастыруға, Республика Президентін сайлауға, Конституциямызды және өзге де заңдарымызды қалтқысыз орындауға, сүйікті Отанымыздың туын, Елтаңбасын және Әнұранын қадірлеп — қастерлеуге және өз Республикамыздың лайықты азаматтары болу үшін барлық күш – жігерімізді аямасқа ант етуге ШАҚЫРАМЫЗ!
  • нарық заңдарын, кәсіпкер саясатын білуге және құрметтеуге ШАҚЫРАМЫЗ!
  • Алаш мұраттарынан – Мәңгілік елге қадам жасауда жастарды ағартушылық жұмыстарға тарту, патриоттық сезімге тәрбиелеу аясындағы тиімді ынтымақтастықты орнату мен еліміздің зияткерлік элитасын қалыптастыруға ат салысуға ШАҚЫРАМЫЗ!
  • Терең білім және өнегелі тәрбие арқылы Семей қаласы имиджін қалыптастыруға үлесімізді қосуға ШАҚЫРАМЫЗ!
  • Елбасымен келесі 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланды, осыған орай мемлекет «жастарға не береді» деп тоспай, «біз мемлекетке не береміз» деген бағытта күш жігерімізді біріктіруге ШАҚЫРАМЫЗ!