Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш   Президенті   Н. Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  бағдарламалық  мақаласының  жариялануына  1 жыл  толуына  орай,  2018 жылғы  20 сәуірде, сағат 11.00-де   Қазақстан  инновациялық  университетінің  студенттерінің арасында  «Рухани  жаңғыру:  Ұлы Абай рухты сөзі»   тақырыбында  қазақ/орыс  тілдерінде  жаппай  диктант   өткізілді.

«Рухани  жаңғыру:  Ұлы Абай рухты сөзі»   тақырыбында  жаппай диктантты жазуға қазақ тілі және орыс тілдері бойынша,  жалпы саны 1250 студент қатысты.

Мемлекеттік тілде диктант нәтижелері:

-20% жоғары деңгейде ешбір қатесіз және 1 орфографиялық,  (пунктуациялық) өрескел емес қатемен жазып, «өте жақсы» деген бағамен бағаланды;

-45%   орта  деңгейде  жазып,  «жақсы»  деген  бағамен  бағаланды;

-30% студент қанағаттанарлық деңгейде жазып, «қанағаттанарлық» деген бағамен бағаланды;

-5% студент төмен деңгейде жазып, «қанағаттанарлықсыз» деген бағамен бағаланды;

— «бір»  деген  бағаға  сәйкес  жазған  студенттер жоқ.

Орыс  тілінде диктант нәтижелері:

-10% жоғары деңгейде ешбір қатесіз және 1 орфографиялық,  (пунктуациялық) өрескел емес қатемен жазып, «өте жақсы» деген бағамен бағаланды;

-25%   орта  деңгейде  жазып,  «жақсы»  деген  бағамен  бағаланды;

-45% студент қанағаттанарлық деңгейде жазып, «қанағаттанарлық» деген бағамен бағаланды;

-10% студент төмен деңгейде жазып, «қанағаттанарлықсыз» деген бағамен бағаланды;

— 10%  студент нөлдік деңгейде «бір»  деген  бағаға  сәйкес  жазды.

Қорыта келгенде, бұл іс-шараға белсене қатысқан студенттер «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдап, рухани көзқарастарын, қызығушылығын арттыра  отырып, тәуелсіз Қазақстанның жарқын   болашағы  үшін   өз  үлестерін  қосуға  дайын  екенін  көрсетті. Диктантты оқығандар: Беспаева Г.К. п.ғ.к., доцент және Сиезбаева М.Д. педагогика ғылымдарының магистрі