2016 жылдың 3 қарашасында «Тарих және этносаясат» кафедрасының «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 2,3,4 курс студенттері, кафедра оқытушысы Г.С.Досалова жетекшілігімен қаламыздағы Невзоровтар әулетінің бейнелеу өнері мұражайына барып қайтты.  Семей қаласындағы Невзоровтар әулетінің бейнелеу өнері мұражайы 1985 жылы ашылған. Мұражайда Казақстандағы бейнелеу өнерінің 3500 ден аса бағалы жинағы сақталған. Оның ішінде Ресейдегі револлюцияға дейінгі салынған суреттер, батыс Европа суретшілерінің жұмыстары, Қазақстан және ТМД елдері суретшілерінің 20 ғасырдағы шығармалары да бар.

                Осы экскурсияны мұражай ғылыми қызметкері И.М. Рекида ағылшын тілінде жүргізді. Экскурсия барысында студенттеріміз 16, 18, 19 ғасырлардағы авторларымен және  олардың сирек кездесетін жұмыстарымен танысты. Студенттер 20 ғасырдың 70-ші, 80-ші жылдары салынған суреттерін таңдана да, сүйсініп тамашалады. Аса қызығушылықпен тамашалаған жұмыстар, олар өзіміздің суретшілер мен қолөнер шеберлерінің экспозиция жинағы болды. Экскурсия аяғында, студенттер мұражай қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.