Home Жаңалықтар Бос орындар жәрмеңкесі

Бос орындар жәрмеңкесі

54

Қазақстан инновациялық университетінде «Экономика және қаржы» кафедрасының оқытушысыТокенов Д.С. ұйымдастырған бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне Семей қаласының қаржы, экономика, мемлекеттік жәнежергілікті басқару саласындағы бос жұмыс орындарын ұсынатын 5 ұйымға шақырылды.

Іс-шара «Рухани Жаңғыру» жобасының аясында өткізілді, жастар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету, университетте түлектерді жұмысқа орналастыруға көмектесу үшін ұйымдастырылған.

Жұмыс берушілердің бос орындары біздің студенттер оқып жатқан мамандықтармен тікелей байланысты: экономика және қаржы.

Бос орындар жәрмеңкесіне ұйымдардың өкілдері қатысады: АҚ«Homebank», АҚ«Kaspi Bank», Семей қаласының жұмыспен қамту орталығы, ЖШС «Семей ет комбинаты» және Семей қаласындағы ішкі саясат бөлімінің мемлекетті органы.

20 cтудент жұмысқа орналасуға нақты мүмкіндік алды. Мысалы, «Kaspi Bank» АҚ өкілдері жәрмеңке барысында «Экономика және қаржы» кафедрасының түлектерімен сұхбат өткізді.