Home Жаңалықтар Тағы да бір жеңісіңізбен құттықтаймыз!

Тағы да бір жеңісіңізбен құттықтаймыз!

91

  2017 жылдың 5 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі э.ғ.к., ҚИУ ассоциацияланған профессоры Мухамадиева А.А. авторлық құқықпен қорғалатын объектіге айрықша мүліктік құқықтар «Формирование учетного тезауруса» (ЭЕМ –ге арналған бағдарлама – электрондық оқу құралы) атауымен тіркеп,ҚР Әділет Министрлігінің орынбасары Э.Әзімовамен куәләндірілді.

  Мухамадиева Айжан  Арғынқызы – ҚР БҒМ Жас ғалымдарға арналған стипендиясының иегері 2009-2011 ж, «Болашақ» грантының иегері, Калифорния (АҚШ, Санта-Барбара қ.). Жақын және алыс шетел басылымдарда жарық көрген 50-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы.

  2015 жылы «Үш тілді білім беру» мемлекеттік мәдени жобасын іске асыру аясында және жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, шет тілдерін жетік меңгерген, халықаралық білім жүйесінің платформасында өздерін еркін сезінетін жастарды тәрбиелеу жолында,экономикалық мамандықтағы студенттер үшін «Formation of Accounting thesaurus» атты авторлық пәнін құрастырып, оны оқу процесіне енгізді.

  2016 жылы Айжан Арғынқызы ҚР БҒМ «Жоғары оқу орынның үздік оқытушысы» атты республикалық сайыстың жеңімпазы атанды.

  ҚИУ ұжымы Мухамадиева Айжан Арғынқызын үлкен жеңіспен шын жүректен құтықтайды, білім және ғылым жолында шығармашылық жетістіктерді тілейді.