Қазақстан Инновациялық Университетінде жаңа оқу жылы «Ақпараттық жүйелер мен Есептеу техникасы» мамандығыңың студенттері  үшін ерекше басталды. Себебі,жылдың әр 256 күні  әлем бойынша программисттер өздерінің төл мерекелерін атап өтеді. 256 саны барлық бағдарламашыларға жақсы белгілі, оның таңдалған себебі бұл сегіз разрядты байт арқылы білдіруге болатын әр түрлі мәндердің саны. Осыған орай 2018 жылдың қыркүйек айында  «Ақпараттық жүйе мен Есептеу техникасы» мамандығыңың студенттері «Программисттер»  күнін  атап өткізді. Студенттер қыркүйектің  17 күнінен бастап  3 күндік квест ойынын ұйымдастырды. Бұл ойын барысында университетіміздің  студенттері  белсенділік пен тапқырлық танытып, шешуші күні  өткен концертте бағалы сыйлықтармен  марапатталды.

Программисттердің  төл мерекесі қызықты іс­­-шаралармен жалғасты.

Ұйымдастырушы: «АЖ және ЕТ» кафедрасының студенттері

admin