2018 жылдың сәуір айының 17-сі күні Қазақстан инновациялық университетінің ғылыми сессия аясында “Педагогика, психология және дизайн”  кафедрасының аға оқытушысы Байгундинова Баглан Имангалиевна  “Жоғарғы оқу жүйесінде оқытудың  инновациялық оқыту әдістері” тақырыбында “Шеберлік сыныбын” өткізді. Шеберлік сыныбының өткізілу мақсаты жас мамандар мен студенттерге  қазіргі инновациялық оқыту әдістерін таныстыру сонымен қатар білімділік пен шеберлік деңгейін нығайту болды. Шеберлік сыныбына  университетіміздегі жас оқытушылармен Педагогика және психология және Психология мамандығының 2, 3, 4  курс студенттері қатысты. Шеберлік сыныбында тек теориялық білім беріліп қана қоймай, алған  білімді практика жүзінде  мамандық бойынша әр түрлі практикалық тапсырмалар орындаумен ұштастырды. Тапсырмалардың ішінде педагогикалық психологиялық жағдаяттарды шешіп жас мамандармен студенттер өз пікірлерімен бөлісе отырды.Әр студент өзін болашақ маман ретінде сезініп сабаққа белсене қатысты. Шеберлік сыныбында қазіргі инновациялық оқыту әдістері кеңінен таныстырылып практика түрінде қолданылып жоғары деңгейде өтті.

admin