Қыркүйек айының 19 жұлдызында ҚИА кітапханасында Қазақстан ұлттарының тілдері мерекесі аясында 1-2 курс студенттері арасында «Тіл – көңілдің кілті» атты көркемсөз оқу сайысы өтті. Сайыстың басты мақсаты – студенттердің тілді меңгеру дүниетанымын кеңейтіп, мемлекетіміздің тіл саясатын насихаттау. Іс-шарада ИС-13, ПС-12, ТУ-12, Ф-12, Ю-13, КТ-21  топтарынан 24 қатысушы бақтарын сынап көрді. Әсіресе, шараға ИЯ-22 тобының студенттері белсене араласып, әлем халықтары тілдерін де жақсы меңгергендіктерін көрсетті. Шараға қатысушылар сөйлеу мәнерлерімен қоса, актерлік шеберліктерін де көрсетті. Сонымен қатар, апталық шеңберінде кітап көрмесі де ұйымдастырылған болатын.  Сайыс қорытындысы 20 қыркүйек күні салтанатты жиында жарияланып, жеңімпаздар сол мезетте марапатталады.

Данияр Темирханов