Қыркүйек айының 7 жұлдызында ҚИА-да «Бизнес және басқару» кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Есепшілер күнін мерекесі аясында колледж студенттері арасында «Көңілді бухгалтерлік есеп» атты интеллектуалды ойынын өткізді.

            Ойынның негізгі мақсаты: студенттердің зияткерлік және танымдық қабілеттерін дамыту, олардың шығармашылық белсенділіктері мен мамандықтарын таныту, алға қарай жылжыту. Сонымен қатар қатысушыларды мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде негізгі экономикалық, қаржылық терминдерді білуге ​​тестілеу болды.

            Сайысқа қатысушылар:

  1. Р.Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі, «Полиедрон» командасы;
  2. Инновациялық колледж, «Новатус» командасы;
  3. «Бизнес және сервис» колледжі, «TOPMEN» командасы.

      Конкурс логиканы дамытуға, жағдаяттарды шешуге және тәуелсіз шешім қабылдауға бағытталды. Бұл кезеңде студенттердің бухгалтерлік есеп және экономика саласындағы негізгі базалық білімі туралы электрондық сұрақтарға жауап алу негіз болды.

      Ойынның IV кезеңі өте қызықты өтті, онда командалар «Есепші жұмысының тиімділігін қалай арттыру керек» атты тақырыпқа презентация (видео, жоба) көрсетулеру тиіс болды.  

     Бұл тапсырманы дайындау қатысушыларға есепші жұмысын қазіргі заманғы талаптарға сәйкес жетілдіру қажеттілігін түсінуге мүмкіндік берді.

          «Көңілді бухгалтерлік есеп» интеллектуалды сайысының нәтижелері бойынша: 1 орын «Полифедрон» командасына берілді, 2 орын — Новатус, 3 орын — «TOPMEN». Қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар, топ жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды.

       Зияткерлік ойынның барлық қатысушыларына қатысқандары үшін алғыс білдіреміз.