2019 жылдың 23 қазанында Педагогикалық институттың 85 жылдығына орай Семей қаласының Шәкәрім университетінің ұйымдастыруымен қаламыздың жоғары оқу орындары мен колледждері арасында «ФЭП advertising» атты бизнес-марафон өткізілді. Аталған шараға Қазақстан инновациялық академиясы атынан ҒЖХБжәнеИ проректоры, PhD докторы Оразгалиева Арайлым Канатовнаның жетекшілік етуімен «QIA INTELLEKTÝAL ALĞYRLARY» командасы қатысты.
Команда құрамында капитан болып Ф-41 тобының студенті, ҚИА студенттік үкіметінің вице-президенті, активист және оқу озаты, ҚР Тұңғыш президенті стипендиаты Дюсембаева Жұлдыз, ал команда мүшелері Ф-41 тобынан Мұратова Айзада мен Шаяхметова Арайлым, Ф-32 тобынан Сарсенова Лаура, Ф-21 тобынан Сарқытбеков Ернар, Тұрсынов Ерсін мен Орынханов Досымхан өздерінің теориялық білімдерінің арқасында марафонда ұсынылған барлық турлардың тапсырмаларын жоғары деңгейде орындап, қатысқан топтардың көшбасшысы бола алды.
QIA командасы бизнес-марафонда мына өлең жолдарымен өздерінің ұрандарын тастаған болатын:
QIA-лықтар алға,
Ешқашан артта қалма!
Биіктерге самға!
Білім десе жанамыз,
Рухани біз жаңғырып,
Жеңістерді алғырлықпен аламыз!
– дей келе, шараның соңында, шынымен де, алғырлықтары мен білімдерінің нәтижесінде Гран-при иегері атанды. Өткізілген шара барлық студенттердің көңілінен шықты.
ҒЖХБ және И проректоры, PhD докторы Оразгалиева А.К.
Ерасыл Даулетханов