ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылдың 8 қаңтарынан №9 бабы бойынша білім мекемелеріндегі қызметкерлердің педагогикалық этикасынының қағидалары және нормалары жайында ережелері бекілді. Берілген заңды жүзеге асыру мақсатында ҚИУ қазан айының 16 жұлдызында оқу орнының профессорлік-оқытушылық құрамына «Педагогика,психология және дизайн» кафедрасының ұйымдастыруымен «Оқытушының ішкі мәдени этикасы,оның сыртқы көрінісі ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны жүргізу модераторлары әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректор, құқықтану кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы Бухаева А.А., және педагогика, психология және дизайн кафедрасының меңгерушісі , PhD докторы Жакиянова Ж.Г. Дөңгелек үстел барысында талқыланған сұрақтар оқытушының кәсіби этикасы, педагогикалық еңбек мәдениеті (доцент Жакиянова Ж.Г.), университет студентерінің қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу (оқытушы Жакупова Э.А.), «Студенттерде коммуникативті құзыреттілігін дамытуы» тақырыбында баяндама жасаған кафедраның аға оқытушысы Байгундинова Б.И. Сонымен бірге ,оқытушы Жакупова Э.А. өз-өзіне сенімділікті дамыту үшін психологиялық тренинг , стресске деген төзімділікті дамыту, рефлексия және релаксация жаттығуларын жүргізді. Іс-шараға қатысушылармен көтерілген өзекті тақырыптар қоғамдағы сананы жаңғырту осы бағытта келешекте жұмыс атқару үшін қажет, өйткені, Ф.А.Дистерверг айтуы бойынша «мектептегі оқушы үшін ең маңызды көрініс-ең негізгі мысал ретінде, ең негізгі үлгі ретінде ұстаз тұлғасы болып табылады».
Педагогика,психология және дизайн кафедрасының меңгерушісі: Жакиянова Ж.Г.
admin