Наурыз айының 19 жұлдызында Қазақстан инновацииялық университетінде  Наурыз-Аруы -2018 байқауы өтті.

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт — дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.Байқауға университетіміздің  төрт  мамандығы бойынша өз өнерлерін сынауға  қыздар қатысты. Байқау келесі шарттардан тұрды.

1 — шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін — өзі таныстырады. (5 мин)
2 — шарт. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнерлер).

3 — шарт. «Сәндік өнер», яғни наурыз бейнесіндегі – дефеле. Қатысушылар өз бейнелеріне атау қойып, сәндік өнердің бейнесін таныстырып түсіндіріп айту керек.

4 — шарт. «Интеллектуалды ойын»  (әр бір қатысушы арнайы тақтада көрсетілген яшықтарды таңдау арқылы үш сұраққа жауап беру керек)

Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға университетіміздің барлық профессорлік-оқытушылар құрамы және студенттер келді.

Қазақ халқы «қыз» деген сөздiң өзiн әдемiлiктiң, әдептiлiктiң, инабаттылықтың, сұлулықтың белгiсi деп таныған. Қыз баланың ұқыптылығын, шеберлiлiгiн, сүйкiмдiлiлiгiн, жанының нәзiктiгiн, өнер- бiлiмге бейiм тұратынын жоғары бағалап, осы қасиеттерiн нақыл сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Байқауға қатысушылар келген барлық көрермендерге өз өнерлерін көрсетті. Айта кетсек қаржы мамандығының 3 курс студенті Темирбекова Фариза  мың бұралған биімен көрермендерді таң қалдырды, психология мамандығының 3 курс студенті Нұрсаинова Назерке тәтті тағам пісірумен өз өнерін көрсетсе, құқықтану мамандығының 1 курс студенті Айтеева Эльназ қазіргі заманауи жастардың биін билеп көрерменнің көңілінен шыға білді сонымен бірге психология мамандығының 2 курс студенті Таукенова Жансая  ақындық пен сөз шеберлік қабілеттілігін баршаға танытып әдемі өз өлеңін оқыды. Сонымен байқауға қатысушы қыздарымыз барша көрермендерге көктемнің шуақ күніндей жақсы көңіл-күй силай билді.

Қорыта келгенде. Ендігі сөз кезегі байқауды қорытындылау үшін әділқазылар алқасына сөз берілді. Әділқазылар алқасының төрағасы Смагулов Қанат Базенович сөз алды. Қыздарға, бүгінгі сайысқа  өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеткендері үшін және  көрермендерімізге үлкен алғысын білдіре отыра бұгінгі сайыстың қорытындысымен таныстырды. Барлық қатысушылар өте өнерлі, білімді, өз салт-дәстүрлерін білетін қазақтың инабалы қыздары екенін дәлелдегендеріне тоқталды. Сайыс болған соң біреулер жеңеді біреулер жеңіледі, дегенімен бүгінгі сайыстың барлық шарттары бойынша ең жоғарғы ұпай санымен 2018 жылғы Наурыз-Аруы байқауының жеңімпазы- психология мамандығының 2 курс студентті Таукенова Жансая иеленді.

Халқының сақтай білген ізгі салтын» — дегендей, қыздарымыз аналарының  өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!