Home «Колледжде модульдік білім беру технологияны іске асыру» кәсіби біліктілігін көтеру курсы

2017 ж.15 мен 17 қараша айының аралығында Қазақстан инновациялық университетінде «Колледжде модульдік білім беру технологияны іске асыру» кәсіби біліктілігін көтеру курсы өтті. Бұл курс Семей қ. колледж оқытушыларына модульдік білім беру бағдарламаларын құрастыру барысында әдістемелік көмек көрсету үшін өткізілген. Курсты ҚИУ-ің ҒЖжИ проректоры, экономика ғылымдарының кандидаты Мухамадиева А.А. және педагогика, психология және дизайн кафедрасының меңгерушісі, (PhD) докторы Жакиянова Ж.Г. өткізді. Курс барысында оқытушылар модульдік технологияның тарихи, маңызды аспектілермен, сонымен бірге оны колледжде іске асыру ұстанымдарымен, мәселелерімен танысты. Әр оқытушы курстың соңында сертификатқа ие болды.

Өткізілген курстың  бағдарламасымен төменірек танысуға болады. Жуктеу