Бухаева Анар Аргынгазыновна

Саясат ғылымдарының докторы, интернационализация, әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры.

1995 жылы Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік университетін тарих және саясаттану мамандығы бойынша аяқтады.

Ұстаздық жұмысы 1998 жылы Семей қаласының Мемлекеттік қаржы институтының, нақты гуманитарлық пәндер кафедрасында басталды.

2005жылы 23.00.02 – Саясат институты, ұлтаралық саясаттағы қайшылықтар,ұлттық және саяси іс жүргізу мен технология мамандығы бойынша «Қазақстан Республикасында біркелкі ұлттың қалыптасуының мәселеріне – саяси талдау»тақырыбында диссертациялық жұмысты қорғады. 2012жылы «Қазақстан Республикасының этникалық бірдейлік интеграция және шоғырландыру факторы ретінде» тақырыбы бойынша докторлық диссертациясын қорғады.

2006 жылы Қазақ қаржы – экономикалық академиясының Оқытушылыр Кеңесінің шешімімен «Әлеуметтік гуманитарлық тәртіптің және құқықтық» кафедрасының меңгерушісі болып сайланды. Кафедраның ұйымдастырушылық қабілеттері,оның бірлескен шығармашылық жұмыстарынан көрініс табады. Сол кісінің басқарушылық қызметі кезінде екі адам кандидаттық диссертациясын қорғаса, бір адам докторлықты қорғап, қазіргі таңда Семей қаласының жоғары оқу орындарында басқарушылық және декандық қызметтерді атқаруда.

Жыл сайын өтетін әртүрлі халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысады (Қырғызстан, Белорусия, Ресей, Монғолия). Маңызды Республикалық басылымдардағы 60-тан астам ғылыми еңбектердің авторы, Омбының мемлекеттік педагогикалық университетімен ұсынылған «Этносаясатқа еңгізу» атты ғылыми оқулығының авторы. «Ұлтаралық келісім қоғамдық шоғырландыру факторы ретінде» этносаясат басылымында қолданып жүрген монографияның авторы. Бухаева А. А. Ғылыми – оқу орталығының әлеуметтік зерттеулері бойынша басшылық қызметте тәжірибесі бар. Бұл кісінің басшылығымен университет ішінде және калалық, әр түрлі мәселелер бойынша: саяси, экономикалық және әлеуметтік қоғамның дамуы тақырыптарында ғылыми – теориялық зерттеулер жүргізілген болатын.

  Президенттің Қазақстан халқына жолдауында негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша калалық «Ақпараттық – жариялау» тобының мүшесі болып табылады. Бұл кісінің басшылық жасауымен және ұйымдастыруымен конференциялар, дөңгелек үстелдер және семинарлар өткізілген болатын.

2011 жылдан бастап КазФЭА – ның бағдарламаларды іске асыру бойынша «Қазақстандағы Темпус IV»  және «Студенттік өзін – өзі басқару» сонымен қатар демократиялық қатысу жобаларының координаторы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауларын түсіндіру бойынша Ақпараттық – жариялау жұмыстарына белсенді атсалысқаны үшін және ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға қосқан үлесі үшін,Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б. М. Сапарбаевтың мадақтама грамотасымен марапатталған. Ақпараттық – жариялау жұмыстарына қатысқаны үшін және белсенді азаматтық ұстанымдары үшін,Шығыс Қазақстан облысының әкімінің орынбасарының мадақтама грамотасымен марапатталған болатын.

Қаланың қоғамдық – саяси өміріне белсенді араласып, жемісті еңбектері үшін,шешім таңдалған бағытқа қолдау көрсетуі және экономикалық тұрақты мемлекет құру бағытында және әр азаматты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету бағытында қосқан үлесі үшін,Қазақстан Республикасының «Союз Атамекен» ұлттық экономикалық палатасының өкілі Б. Искакованың 2011 жылы алғысхатымен марапатталған болатын. Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарындағы жетістіктері үшін,Семей қаласының әкімінің мақтау қағазымен марапатталған болатын.