Халықаралық туризм күні қарсаңында,  26 қыркүйек күні Семей қаласында  туризм секторымен төмендегі сұрақтар бойынша дөңгелек үстел өтті:

— «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауы жайлы»

— «Семейдегі ішкі туризмнің және өлкетанудың дамуы»

Жиналыс аудан әкімінің орынбасары Айдар Серказинұлының кіріспе сөзімен басталып,  Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Саятұлы Кабаковтың сөзімен жалғасын тапты.

Дөңгелек үстел барысында:

— «Togas travel club» саяхатшылар клубын «Togas InturserVis» ЖШС басқарушы директоры Рамазанов Сымбат Садырқанұлы таныстырды.

— Семей қаласының туристік секторының тапсырысымен жасалған vlsitsemey.me туристік ақпарат сайты таныстырылды. Сайт шетелдік туристерге, сонымен қатар, жергілікті тұрғындарға да арналған.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша «Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, туризмді дамыту секторы және Қазақстан инновациялық академиясы арасында туризм саласындағы кадрларды даярлауға жаңа серпін беретін жаңа меморандум жасалды.

Ерасыл Даулетханов