Еліміздің Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай университет президенті Нәдірбек Әпсәләмов Әпсәләмұлына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен еліміздің 200 ең үздік оқытушылардың арасында Қазақстан инновациялық университетінің «Есеп және туризм» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к.,  профессор А.А.Мухамедиева бар екенін хабарлауы туралы хат келді.

ҚР БҒМ республикалық конкурсында «ЖОО үздік оқытушысы -2016»  атағын алуда Айжан Аргыновна барлық ғылыми педагогикалық қызметі көрсеткіштері бойынша жоғары балл жинады. Оның ішінде талдама, оқулықтардың шығуы, монография, ағылшын тілінде оқу құралы, кәсіби әрекеті бойынша шет тілінде топтық ашық онлайн курстар базасында курстар бойынша сәтті өткені туралы сертификаттардың болуы.

Мухамадиева Айжан Арғынқызы —  2010-2012жж. ҚР БҒМ «Дарынды жас ғалымдар үшін» стипендиясының иегері, 2013ж. «Болашақ» грантының жеңмпазы, Калифорния (АҚШ, Санта Барбара қ.) университетінің тәлімгері. Ағылшын тілін жетік меңгерген, екі рет АҚШ-та Халықаралық тілдер орталығында тілдік курстан өткен.  Таяу және алыс шет елдерінде жарық көрген 50 ден астам ғылыми әдістемелік еңбек авторы, импакт фактормен жарық көрген басылымдары, оқу әдістемелік құралдары, монография, оқу әдістемелік кешендері бар. 5В050800-Есеп және аудит, 6М050800-Есеп және аудит мамандықтары бойынша Модульдік білім беру бағдарламасын, ағылшын тілінде видео дәріс, электронды оқу құралын жасады.

2015-2016 оқу жылында А.А.Мұхамадиева Ғылыми кеңесте бекітілген және оқу үрдісіне енгізілген ағылшын тілінде оқытылатын «Есептік тезаурусты қалыптастыру» атты жаңа пән ұсынды.

Айжан Арғынқызы – жоғары білікті маман. Ағылшын және орыс тілдерінде «Басқару есебі 2», «бухгалтерлік есеп», «Жалғастырмалы қаржылық есеп», «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәндерін жоғары ғылыми теориялық деңгейде жүргізеді. 2016 жылы «Оқытушы студент көзімен» атты сауалнама нәтижесінде университет бойынша 10 балл жинады.

Халықаралық деңгейдегі біліктілікті көтеру бойынша отандық және шетелдік сертификаттар иегері. Жыл сайын магистрлік және дипломдық жұмыстарға жетекшілік етеді, рецензент, диплом, магистрлік және басқа ғылыми жұмыстар оппоненті.

2015 жылы «Бейбітшілік әлемі» халықаралық шығармашылық бірлестігінің жоғары білім беру жүйесінде табысты еңбегі үшін «Білім беру лидері» медалімен марапатталған.

         2016 жылы ғылыми зерттеу жұмыстарындағы жетістіктері үшін «Білім беруде үздік» энциклопедияға енген.

   КИУ ғылыми хатшысы, п.ғ.к., доцент Беспаева Г.К.