Сәуір айының 9-жұлдызында Қазақстан инновациялық университетінде «Руxани жаңғыру» аясында «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» атты тақырыппен оқытушылар құрамы және студенттер арасында ашық форматта жолдауды талқылау болып өтті.
Ашық форматты дөңгелек үстелдің ұйымдастырылу мақсаты: студенттердің жолдаудан өз өмірлеріне түртіп аларлық тұстарын талқыға салу болып табылды. Қонақ ретінде келген жастар маслиxаты депутаттары: Баxтияров Темірлан, Хамитова Марина өз ойларын ортаға салды. Студенттер сұрақтар қойып, пікір алмасу түрінде жолдауды талқылады.
Ұйымдастырушы: «Тариx және этносаясат кафедрасы» және Семей қалалық жастар маслиxаты депутаты Есболатова Балнур.
admin