Кафедра меңгерушісі: PhD, Қадыров Берік Қайыпқанұлы

БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 (7222) 56-08-75
Ішкі телефон (ip): 128

Кабинет: 300

Мекен — жай: 071400 Қазақстан Республикасы, Семей қ-сы, ул. Байсеитова 5

Тарихы

Оқу — әдістемелік жұмыс

Ғылыми – зерттеу жұмысы

Студенттер жетістігі

ТАРИХЫ

«Экономика және қаржы» кафедрасы 2016 жылдың қыркүйек айында «Экономика» және «Қаржы» кафедраларын біріктіру нәтижесінде құрылды.

Кафедраның негізгі міндеттерінің бірі – екі траектория бойынша жүзеге асырылатын қаржы – экономикалық бағыттағы кадрларды даярлау: бакалавриат және магистратура.

Бакалаврларды даярлау келесі мамандықтар бойынша жүргізіледі: «Қаржы», «Экономика», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», ал магистрлер бойынша «Экономика» және «Қаржы» мамандықтары.

Кафедра мамандықтары бойынша ішкі және дистанттық оқыту технологиясы бойынша оқу мерзімі орта білім базасы негізінде 4 жыл, орта арнайы білім базасында 3 жыл, жоғары білім базасында сәйкесінше 2 жыл.

Аталған мамандықтар бойынша әртүрлі жылдарда мыңнан аса мамандар шығарылып, қазіргі уақытта олар мемлекеттік басқару және экономика, қаржы жүйесінің әртүрлі салаларында қызмет атқаруда.

Студенттер мен магистрлерді даярлау жоғары білікті профессорлық оқытушылар құрамымен жүргізіледі, атап айтар болсақ бірнеше оқу құралдары мен монографиялардың, көптеген ғылыми мақалалардың авторлары, э.ғ.д., Ержанов М.С, Алимбетов У.С.

Сонымен қатар кафедрада еңбек етуде:

— кезінде Семей қалалық қазынашылық басқармасының басшысы болған, «ҚР қаржы қызметі үздігі» Альмаганбетов Б.Н. сияқты көпжылдық практикалық тәжірибеге ие мамандар;

— PhD (философия докторы) дәрежесін иеленуші ғалымдар: Оразгалиева А.К., Еркінова С.Е., Аимкулов Р.А., Кадыров Б.К.;

— экономика ғылымдарының магистрлері.

Кафедра университеттің оқу – тәрбие үрдісін жетілдіруге үлес қосып, оның қазіргі талаптарға сәйкес болуын қамтамасыз етуде.

2010 ж. 5В050900 – Қаржы мамандығы Ұлттық аккредиттеу орталығы рейтингі бойынаша аталған мамандықты даярлауды жүзеге асырушы ҚР ЖОО арасында 3 орын иеленген.

Кафедраның ұзақ жылдар бойғы серіктестері болып саналатындар: Синьцзян Қаржы – экономикалық университеті (ҚХДР); Т.Рысқұлов атындағы «Нархоз» Университеті, Алматы қ-сы; «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «КазкомБанк» АҚ, «ЦентркредитБанк» АҚ, «Қазынашылық басқармасы» ММ, «Мемлекетттік кірістер басқармасы» ММ, «Восток — Бройлер» ЖШС, «Ішкі саясат бөлімі» ММ, «Жұмыспен қамту орталығы, Семей қ-сы» ММ, «Кәсіпкерлік бөлімі» ММ.

Аталған мекемелердің жетекші мамандарымен бірлескен дәріс курстары, тәжірибе алмасу бойынша дөңглек үстелдер, өндірістік тағылымдамалар, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу жүргізіледі, жекелеген ұйымдармен шығармашылық серіктестік турасында меморандумдар бекітілген.

Мемлекеттік басқару, экономика және қаржы салаларына мамандарды сапалы даярлау үшін келесідей ұйымдарда кафедра филиалдары құрылып, қызмет жасауда: «Қазынашылық басқармасы» ММ, Семей қ-сы, «БанкЦентркредит» АҚ, Семей қалалық филиалы, «Восток Бройлер» ЖШС, «Ішкі саясат бөлімі» ММ, Семей қ-сы.

2015-2016 оқу жылына кафедра мамандықтары бойынша түлектердің жұмыспен қамтылуы: «Қаржы» — 75 %-дан астам, «Экономика» — 85,0%, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» — 100%.

Кафедра түлектері:

Чайжунусов Аллен Сержанович, 1981 жылы дүниеге келген.

«Самрұқ-Қазына» әл – ауқат қорының жетекші директоры.

Халықаралық қатынас Москва мемлекеттік институтын «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ – қаржы экономикалық академиясын «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған (2011ж). ҚР сыртқы істер министрлігінде, Ресейдегі Қазақстан елшілігінде; Маңғыстау облысының әкімі аппараты басшысының орынбасары; «Нұр-Отан» ХДП ОА секретариатының жетекшісі қызметтерін атқарған. «БРК-Лизинг» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, ҚР велоспорты федерациясының атқарушы директоры. Ағылшын, португал, испан тілдерін жетік меңгерген.

Валл Инна Валерьевна. 1988 жылы Семей қаласында туған. 2004 жылы қалалық №28 орта мектебінің түлегі. 2007 жылы ҚазҚЭА түсіп, 2010 жылы «Экономика» бакалавры мамандығын алған. Өзінің еңбек қызметін 2006 жылы қалалық әкімшілікте экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінде ПВЭМ операторы қызметімен бастған. 2008 жылдан бастап мамандығы бойынша мемлекеттік қызметке түскен. 2008 — 2010 жылдары экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарды. Бөлімнің қайта құрылуына байланысты 2010-2011 жылдары әлеуметтік саланы дамыту секторында жетекші маман қызметін атқарып, кейіннен Семей қаласының қаржы және экономика бөлімінің қолма-қол ақшаны бақылау және табыстардың түсімін болжау секторының меңгерушісі қызметін атқарып, қазіргі уақытта ШҚО бюджетті жоспарлау және экономика басқармасында инвестициялық саясат бөлімін басқаруда.

Лепесов Асхат Максатович. 1988 жылы 16 қазанда туған.

2009 жылы — ҚазҚЭА «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. Қазіргі уақытта «AllianceAudit Co» ЖШС аудиторлық компаниясында эксперт қызметін атқарады (Алматы қаласы).

Галиев Ануар Муратович. 1981 жылы 24 мамырда дүниеге келген. 2003 жылы ҚазҚЭИ «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша аяқтаған. Институттың ғылыми – ұйымдастырушылық жұмыстарының белсенді қатысушысы. Экономика бойынша аймақтық олимпиада жүлдегері (Өскемен қаласы). Еңбек жолын мұнай сақтандыру компаниясынан бастаған. 2006 жылыдан бастап «БТА Банкінде» (Астана қаласы) шағын және орта бизнес блогінде персоналды менеджер қызметін атқаруда. Еңбектегі жетістіктері үшін алғыс хаттар мен бірнеше марапат иегері.

Тельжанова Айгуль, 2011 жылғы «Экономика» мамандығы түлегі, академияда дәстүрлі өткізілетін түлектер жәрмеңкесі негізінде «Семей құс» ЖШС шақырылып, жоспарлы-экономика бөлімінде қаржыгер қызметін атқаруда.

Абдрахман Асылжан, 2011ж. «Менеджмент» мамандығы түлегі, оқу озаты, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысушы, мемлекеттік білім грантының иегері.

«Азия несие қоры» шағын несие беру ұйымында «Бизнесті бағалау бойынша эксперт» қызметін атқаруда.

Кумарбеков Ернар, 2011ж. «Экономика» мамандығы түлегі, Көңілділер және тапқырлар клубы (КВН) ойынының 2010 жылғы Республикалық деңгейдегі ең үздік ойыншысы.

Абдрахманова Асель Маратовна Альянс Банкінің бөлшек бизнесі департаментінің маркетингті басқару және талдау бөлімінің бас маманы

Калиева Жанат, ҚазҚЭИ «Экономика» мамандығының түлегі, «Экономика» магистрі, «Альянс Банкінде» заңды тұлғалармен несиелік операцияларды жүргізу және мониторинг бөлімінің жетекші маманы.

Жакипов Талгат Жумагазыевич, 1969 жылы туған. 2006 жылы КазҚЭИ-ын «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.

23.08.2010 жылдан бастап «Вычислительный центр по статистике Восточно-Казахстанской области» ДММ (ДГП) директоры қызметін атқаруда.

Абаев Куат Байгараевич 1977 жылы 10 наурызда Аякөз қаласында дүниеге келген.

1984-1994 ж.ж. Семей қаласының №6 мектеп – гимназиясында оқыған.

1994-1998 ж.ж. – «Семей бизнес және кәсіпкерлік» институтының «Экономика және менеджмент» мамандығы студенті (кейіннен ҚазҚЭИ).

Қазіргі уақытта МВА (Магистр Делового Администрирования) бағдарламасы бойынша Халықаралық бизнес университетінде біліктілігін жоғарылатуда.

Еңбек қызметін 1998 ж. «Восточно-Казахстанский топливно-энергетический комплекс» ЖШС-де «экономист» қызметімен бастаған. Кезінде Шығыс Қазақстан облысы филиалы «АЖСК» экспедиторлық компаниясының директоры, «Март» ЖШС өндірістік компаниясының филиалы директоры (Астана қ-сы), «Алтын food» ЖШС дистрибьюторлық компаниясының директоры, кейіннен және қазіргі уақыттқа дейін «Алматытелефонстрой» АҚ-ың бас директорының экономика және қаржы бойынша орынбасары қызметін атқаруда.