Сіздерді Қазақстан Инновациялық Университеті 2017 жылдың 04 сәурінде өтетін «Ашық есік» күніне шақырады. Біздің мекен-жайымыз: Семей қ-сы, Байсейітов көш., 5-ші ғимарат.
Бұл күні Сіздер университет әкімшілігі, кафедра меңгерушілерінен 2017 жылы ҚИУ-ға оқуға түсудің ереже-тәртіптері, білім алу жағдайының барысы, студенттік өмір және т.б. туралы толық ақпарат ала аласыздар.
Қатысушыларды тіркеу ҚИУ орналасқан мекен-жай бойынша сағат 13.30 — 14:00 аралығында болады. Іс-шараның басталу уақыты сағат 14:00. «Орталық» аялдамағадейін қоғамдық көлікпен жетуге болады.
«Ашық есік» күнінің өткізілуіне байланысты өздеріңізді толғандырып жүрген мәселелермен Семей қ-сы, Байсейітов көшесі,5-ші үйдегі ҚИУ-дың «Маркетинг және жарнама» орталығына хабарласуларыңызды сұраймыз.
Байланыс телефондары: 8(7222) 562253, Е-mail: Buhaeva_72@mail.ru
БухаеваАнар Арғынқызы— 87476860992;
Оспанова Динара Манапқызы—87011831688.
admin