22 НАУРЫЗ – ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан инновациялық университетінің президенті, профессор Нəдірбек Əпсəлəмұлы Əпсəлəмов:

Күн мен түннің астрономиялық дəлдікпен теңесетін осы мезеті 22 –наурыз «Жаңа жыл» деп ата-бабамыз 40 күн бойы тойлаған. Біріміздің де, баршамыздың да тілегіміз Наурыз думанға арналған көріністерде айтылған тілектер, өлеңдер, баталармен тоғысады. Халқымыз “Жомарт Наурыз” деп тегін айтаған. Оның табиғатының кеңдігі керемет! Ол –көктем мерекесі, шуақты күндердің бастауы,жаңарудың, береке–бірлік пен еңбек тойы, бірлік тойы. Наурыз тарихын қысқаша ғана таразыласақ, 22-ші наурыз – Шығыс күнтізбегі бойынша да, Григориан календары бойынша да жылдың алғашқы айы, күн мен түннің ұзақтығы ерекше дəлдікпен теңесетін ғажайып мезет. Оның жыл басы болуының аса ғылыми дəйекті астрономиялық негізі бары дəлелденген… Ата–бабамыз күн мен түннің теңелген сəті жаңа жыл, жаңа күн- Наурыз мейрамын сан ғасырлар бойы тойлаған. 1991 жылы.

Елбасымыздың Жарлығымен «22 наурыз—халықтық мереке Наурыз» күнтізбекте қызыл күн болып белгіленіп, жаппай тойлана бастады, ұрпағымен ресми қайта табысқан елдіктің, теңдіктің, татулықтың, бірліктің, еңбектің мерекесі, көгілдір көктем мерекесі, ұлттық  құндылықтарымыздың қайнар көзі–салт-дəстүрлеріміздің салтанатты ажарындай Наурызым мейрамы құтты болсын! Елбасының бекітуімен «Жастар жылы» деген жаңаша үстеме атауға ие болған «Доңыз жылы» ұлыстың ұлы күні баршаңызға Бақыт əкелсін! Əр отбасына, əулетке, елімізге жақсылық əкелетін жаңа жыл құтты болсын, жаңа күн! Жүрек қуанышымен тойлаңыздар, ұлтымыздың үміті, болашағы–жастар, оларға біліммен тəрбиемен жол көрсететін ұстаздар қауымы жəне оқу орнымыздың өткен тарихына үлес қосқан барлық ұжым мүшелері!

Жан дүниең ерекше күйге енетін,

Күн сəулесі жып-жылы нұр беретін,

Жер төсінен тіршілік нəрін алып,

Балауса гүл ерекше түрге енетін

Жыл бастауыдүркіреп Наурыз келді!

 Жақсы-жақсы тілек, адал ниет, ақ бата қашан да көңіл өсіреді. «Жаңбырмен жер көгереді, батамен ер көгереді», « Терін төккен еріне дер тілеуін береді», «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас!», «Көп тілеуі көл!» деп тегін айтылмаған. Ендеше:

Аман ба!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс береке берсін,

Пəле- жала жерге енсін!

–деген ата-бабадан қалған ақ тілекпен Наурыз мейрамы құтты болсын демекпін.