24 ақпан күні Абай атындағы кітапхананың қызметкерлері «Әл-Фараби-Шығыстың көрнекті ойшылы» атты Қазақстан инновациялық академиясының (ҚИА) оқытушылар мен студенттер үшін ақпараттық-танымдық сағат өткізді. Іс- шара ақпараттық — коммуникациялық технологиялар  кафедрасымен ұйымдастырылды. Іс-шара Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналды.»Әл — Фараби Аристотельден кейін екінші ұстаз деп аталады,-деп еске салды «АКТ» кафедрасының меңгерушісі, доктор PhD Курмангалиева Н. К.  «Ол әйгілі Александриялық кітапханадан кейінгі қолжазбалар саны бойынша әлемде екінші болып саналған атақты Отырар кітапханасында философиялық және ғылыми шығармаларды оқыды».

Кітапхана қызметкерлері аудиторияны ғалымның өмірбаянымен және ғылыми қызметімен таныстырды. Әл-Фараби туралы аңыздар ерекше қызығушылық тудырды. Мысалы, Әл-Фараби Аристотельдің барлық шығармаларына пікірлер жазды,музыканы тануға ағартушының қосқан үлесі маңызды болып саналады. Бұл бағытта ол шығыс және ежелгі грек музыкасы туралы мәліметтерді жүйелейтін» Музыка туралы үлкен кітап » атты кітап жазды.

«Ғасырлар даналығы» атты бейнеролик ғалым мен ойшылдың өмірбаянын көрерменге толықтырып, әл-Фарабидің өмір сүрген дәуірінің тарихи және тұрмыстық бейнесін көрсетті.

Іс-шарада ұсынылған кітап көрмесі студенттерді ғалымның өмірбаяны туралы кітаптармен, оның философия, логика, танымдық қабілеттері, мемлекеттік-құқықтық көзқарастары, математика және басқа да ғылым салалары бойынша еңбектерімен таныстырды. Кітап көрмесінде  Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты туындысы 2020 жылы «Бір ел — бір кітап»акциясы аясында жыл кітабы ретінде таңдалып алынғанын  атап өтіп, бұл туындыда ойшыл туралы өмірбаяндық мәліметтермен танысу ұсынылды.

Ерасыл Даулетханов