2017 жылдың 15 қараша  күні «Экономика және қаржы» кафедрасының ұйымдастыруымен  кәсіби мерекеміз «Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта және қаржыгерлер күніне» арналған іс-шараны ұйымдастырып өткіздік.

         1991 жылы Қазақстан өзінің егемендігін алғаннан кейін, ұлттық валютамыз 16 желтоқсанда айналымға енді. Өзінің ресми таңбалары әзірленіп шығарылды, олар: әнұран, ту, елтаңба.  Біздің негізгі Заңымыз – Конституция қабылданды. Ал,  тәуелсіздік алған елдің  ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валютамыз болып табылды. 1993 жылдың 12 қарашасы күні  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Және 15 қараша Қазақстан аймағында жаңа ақша – теңге пайда болды, ал 1997 жылы Мемлекет Басшысының Жарлығымен  15 қараша  Ұлттық валюта күні болып тағайындалды!

         Осы күні аралығында университетте кафедраның оқытушысы Токенов Думан Сериковичтің ұйымдастыруымен студенттер арасында «Квест-тапсырма» ойыны өткізілді. Ойынның мақсаты — студенттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру үшін әртүрлі қызықты логикалық сұрақтарға жауап беру. Бұл ойынның қорытындысында сұрақтарға дұрыс жауап берген студенттер сыйлықтармен марапатталды.

         Ұлттық валюта күніне арналған мейрамды ҚИУ президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор, КНАЕН академигі, Әпсәләмов Н.Ә. ашты. Президент кәсіби мейраммен профессорлық-оқытушылар құрамын және студенттерді құттықтады.

Іс-шараның ашылуында банктік жүйенің ардагері Оразалинова  Нурбатима  Калиевнаға сөз берілді. Ол кісі Ұлттық валютамыз теңгенің шығуы туралы студенттерге көптеген мағлұматтар берді.

«Экономика және қаржы» кафедрасының оқытушылары Аимкулов Рахат Ашкенович, Адришева Нуржанат Сериккалиевна, Саржакова Эльмира Жараспаевна, Дюсенбаева  Айгүл Бахтыбековна  ҚИУ-ның 25 жылдығына арналған  «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Ф-31 тобының студенті Нұргелді Айша «Лучшие в образовании» энциклопедиясына енді және медальмен марапатталды, ГМУ-41 тобының студенті Бокесов Қуаныш  NOMAD MMA стилінен Қазақстан чемпионатында жекпе-жектен 1-ші орын алғаны үшін медальмен және мадақтамамен марапатталды.

         Кафедра студенттері де іс-шараға белсене қатысып, өздерінің өнерлерін көрсетті. Атап айтсақ, Ф — 41 тобының студенттері Саякова Аида и  Еркінұлы Ерсұлтан  «Мекенім Қазақстан», Ф-22 тобының студенті Өмірбаев Ернат «Ботадай»  атты әсем әндерін орындаса, Ф-31 тобының студенті Темірбекова Фариза өзбек биімен өнер көрсетті. Сонымен қатар, Ф-32 тобының студенттерінің ерекше  әндерін тыңдап, би өнерін тамашаладық.

         Ф-42 топ студенттері өнерлерін көрсете отырып, мейрамды қызықты да тартымды түрде қорытындылады. Олар өздерінің шығарған Университет туралы қызықты әндерімен тәмамдады. Сонымен қатар 3 курс Қаржыгерлеріне әрқашан өздері сияқты білімде де, өнерде де алдыңғы қатарда жүрулеріне тілек білдіріп, кубоктарын табыс етті.