«Қазинформ» Халықаралық ақпараттық Агенттік тілшісі Әскери құрылымдық бөлімшелер баспасөз қызметінің деректеріне сүйене отырып, онлайн-дауыс беру нәтижесінде және алқа мүшелерінің шешімімен «Ұлттық гвардия-2018 миссі» сұлулық конкурсында ҚР Ұлттық гвардиясы «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы/РгК/ 5511 әскери бөлімнің әскери қызметкері Диана Байжұманованың жеңіске жеткендігін хабарлайды. Ефрейтор Диана Байжұманова Семей қаласында дүниеге келген. Ұлттық гвардияда өткен жылдан бері қаржы қызметінің аға маманы болып еңбек етіп келеді. «Шығыс сұлуы» Ұлттық гвардия қатарында аяқ астынан келген жоқ, дәл осы әскери бөлімде 15 жыл еңбек еткен анасының жолын ұстануға шешім қабылдапты. Орта мекетепті, кейіннен Семей қаржы-экономикалық колледжінің «Есеп және аудит» мамандығын оқып бітірген Диана алдына өз еліне және халыққа қызмет ету туралы айқын міндет қояды. Әскери лауазымда қызмет ете жүріп, осы мамандық бойынша біздің Қазақстан инновациялық университетінде сырттай оқып, жоғары білім алады. «Маған әскери қызмет ұнайды. Ол адамды темірдей тәртіпке шақырып қана қоймайды, сонымен қатар патриотизм рухына тәрбиелеп, Отанға, өз еліңе сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып нығайтады. Әскер— адамды адам қылады», — дейді Диана Байжұманова. Айтуға ғана оңай, өз жұмысында осы нәзік те, сүйкімді қыз әскери қызметтегі ер-азаматтардан кем түсей бойындағы қайрат-жігерімен өз борышын ойдағыдай атқарып жүр. Иә, өзінің әскер қызметтің ауыр жүгін сапта, физикалық және атыс дайындығы жаттығуларында әйелдерге тән еркелікпен құбылусыз абыроймен лайықты алып жүр. Ол гвардияда да өзінің дарынды және шығармашылық деңгейдегі жеке тұлға екендігін танытып келеді — қызметтен қолы босаған сәтте өлең жазады, би билеумен шұғылданады, классикалық әдебиеттерді сүйіп оқиды. Спортта да мықты қыз біраз уақыттан бері йогамен де айналысады екен. «Өлең жазу — ермегім, махаббат, отбасы, басқа да көптеген тақырыптарға қалам тартамын. Маған волейбол ойнау, би билеу ұнайды, кітапты сүйіп оқимын, әзірше жұмысыма ешқандай нұқсан келтірмейтін өзімнің көңілім қалаған сүйікті істеріммен шұғылдануға уақытым бар», — дейді ефрейтор Байжұманова.

Семейлік сұлудың бойындағы ең маңызды сындарлы сипаттары— байсалдылық, жоғары мораль, адамгершілік қасиеттер, өз қызметіне байыпты жауапкершілікпен қарау, тапсырылған шаруаны мінсіз орындаушылық пен еңбек сүйгіштік деп күмәнсіз бағалауға болады. Осы қасиеттерімен Диана Байжұманова —тек қана өзі қатарлас қызметтес жас әріптестерінің арасында ғана емес, әскери лауазымы бойынша шені жоғары әріптестерінің де лайықты сый-құрметі мен мойындауына ие. Ұлттық гвардия әскери

қызметшілерінің арасында өткізілген республикалық сұлулық конкурсына қатысу және жеңіске жету — Диана үшін алғашқы өмірлік өрелі тәжірибе болды. «Бұл жеңістің мен үшін маңызы зор, бұл тек жеке менің ғана емес, әскери бөлімнің, туған қаламның, облыстың жетістігі, мерейі деп білемін. Мен осындай жетістікке жетуіме қолдау көрсеткендердің барлығына ризамын!», — дейді конкурс жеңімпазы атанған қайратты әскери сұлу қыз. Дегенмен әдемділік конкурсында «сұлулық» жеңісінде адлдына жан салмай жеңіске жеткен жетелі қыз негізгі басымдықты –әскери қызмет деп санайды. Бұл арада, яғни әскери қызметте де «Сегіз қырлы, бір сырлы» Сұлу- бойжеткен әрі спортсмен Диана Байжұманова —ең жоғары нәтижелерге қол жеткізуден үміткер. Ұлы қолбасшы Суворовтың қарапайым да, ой саларлық салиқалы сөзімен айтқанда: «Генерал болуды ойламаған солдат – солдат емес» деген қанатты қағиданы ұстанады.