2017 ж. 19 қарашада  «Экономика және қаржы» кафедрасы «Қазақстанның мәдени және рухани дамуы» атты дискуссиялық площадканың жұмысын ұйымдастырды, оның  модераторы болып «Экономика және қаржы» кафедрасының меңгерушісі PhD  докторы Кадыров Б.К., PhD  Докторы Аимкулов Р.А., ұйымдастырушысы ретінде «Экономика және қаржы» кафедрасының ПОҚ, «Байтерек» ұйырмесінің мүшелері, «Қаржы», «Экономика», «МЖБ» мамаңдығының студентері.  Өз баяндамаларымен сөз сөйледі: Ф-42 топ студентері  Рамеев К., Мажитов Р, Э-11 топ студентері  Боранбай А, Кенжебаева Д, Жунис М., Ф-32 топ студентері Владилен Л. Ф-21 топ студентері  Дюсенбаева Ж., Ф-22 топ студентері  Сембинов А, Амиргазин С.

Іс-шараның мақсаты ретінде – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырырыбындағы елбасы мақаласын насихаттау, студентердің танымдық- шығармашылық қызметтерін дамыту, рухани-мәдени қайта түлеуді жүзеге асырудағы кедергілер мен кауіп – қатерлерді талқылау, шешу жолдарын қарастыру.

Пікір аламасу кезінде келесі сұрақтар көтерілген болатын: ағылшын тілін жаппай және үдемелі оқу туралы, ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел үйрену, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру, жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс, адамдарының материалдық (қаржы) байлығы емес, оның бәсекелік қа­бі­леттілігі.

Жалпы, іс-шара позитивті болды, қазақ тілін латын әліппесіне көшіру идеясының басым бөлігі оң қабылданды. Пікір аламасуға қатысушылар жаңа технологиялар, жаңа өндірістер заманыңда, ағылшын тілін білу Қазақстанның жалпыұлттық прогреске ықпал ететіндігі туралы қорытындыға келді. Сонымен бірге тілдерді менгеру революциалық жолымен емес, эволюциалық сипатта болуы тиіс.