Қызмет аясы: Дистанциялық білім технологиялары (ДБТ) студенттерді оқытудағы университет қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Оқу үрдісін ұйымдастыру студенттің ҚИУ білім ресурстарына қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін Интернетті пайдалануға негізделген заманға сай білім технологияларын, сонымен қатар білімді тест арқылы бақылау жүйелерін қолдана отырып жүргізіледі.
Дистанциялық оқытудың артықшылықтары:

1. Тұратын (уақытша болатын) жері бойынша негізгі қызметінен қол үзбей, техникалық және кәсіптік және жоғары кәсіптік білім негізінде қысқартылған бакалавриат білім бағдарламалары бойынша білім алу мүмкіндігі.

2. Дербес оқу жоспары бойынша оқу мүмкіндігі.

3. Бөтен қалалық студенттер Семей қаласында тұруға және оқу орнына келуге шығындарды қысқарту есебінен өз шығындарын оңтайландыру мүмкіндігіне ие.

Дистанциялық білімді қолдана отырып, студент мына мүмкіндіктерге ие болады:

• Пәндердің оқу-әдістемелік кешендеріне қол жеткізу.
• Оқытушыға (тьюторға) сұрақ қойып, кеңес алу.
• Бақылау (курстық) жұмысын (соның ішінде электрондық нұсқада) жіберіп, оқытушының рецензиясын алу.
• ДБТ жүйесінде сынама тестті тапсырып, білім бақылауынан өту.
• Сессия кестесін білу.
• Оқу үрдісін ұйымдастыру туралы ақпараты бар жаңалық форумын қарап шығу.
• on-line режимде студенттер мен оқытушылармен қатынасу.


ДБТБ қызметінің негізгі бағыттары:

• Оқу үрдісін дистанциялық білім технологиялары бойынша ұйымдастыру мен басқару.
• Дистанциялық оқытудың дидактикалық құралдарын жасап шығару.
• Дистанциялық білім технологиялары бойынша оқу үрдісін ақпараттық-техникалық тұрғыда жабдықтау.
• Ақпараттық білім ресурстарының дерекқорларын құру.
• Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (АКТ) тиімді пайдалану үшін ҚИУ әкімшілік, инженерлік-техникалық және ғылыми-педагогикалық кадрларын қайта даярлауға қатысу.


ДБТ бойынша оқитындар үшін арналған оқу-әдістемелік базасы:

• ҚИУ электрондық кітапханасы;
• электрондық дәрістер, электрондық оқулықтар мен құралдар;
• курстық кейстер;
• бейнедәрістер мен бейнематериалдар;
• Интернет ресурстары;
• аудиоматериалдар.


ДБТ ендірудің күтілетін нәтижелері:

1. Оқытушылардың жаңа ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде пайдаланудағы құзыреттілігін арттыру.

2. Білім беру кеңістігінде орын алған барлық инновацияларды ескере отырып, педагогтар ұжымының білім беру барысына деген шығармашылық тәсілдемесі үшін негіз құру.

3. Жаңа технологияны қолдану бойынша ұсыныстарды жасап шығару.

4. Барлық пәндерден ДБТ бойынша оқитын студенттердің білімінің сапасы дәстүрлі жүйе бойынша оқитын студенттердің білімінің сапасынан асып кетеді.

5. Студенттердің шығармашылық ойлау және ғылыми-зерттеу қызметінің деңгейін арттыру.

6. Түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігі.