2016 жылдың 8-жұлдызында Қазақстан Инновациялық Университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай ұйымдастырылған кезекті мәдени-рухани мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл күні университетіміздің қонағы ретінде Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық-драма театры, Ф.М. Достоевский атындағы мемлекеттік орыс драма театры және «Дариға-ай» жастар театры болды.

Театрдың шығармашылық тобын университетіміздің барлық жанашыр студенттері қарсы алды. Дарынды әртістер қызықты бағдарлама дайындап, жастардың көңілдерін баурап алды. Сонымен қатар, оркестр мен балеттің әртістік персоналы өзінің өнерлерін көрсетті.

Симфониялық оркестр мен балеттік топтың арқасында театр классикалық шығармаларды музыка және балетпен сүйемелдеп, үлкен нәтиже  көрсетуде.