Қыркүйек айының 19 жұлдызында ҚИА-да Тілдер күні қарсаңында салтанатты жиын өтті. Мереке ҚИА ректоры Б. К. Кадыровтың құттықтау сөзінен бастау алып, «педагогикалық және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі Ж. Г. Жакиянованың апталық аясында өткізілген қазақ және ағылшын тілдеріндегі эссе байқауының және «Тiл — көңiлдiң  кiлтi» атты көркемсөз оқу сайысының қорытындысын жариялауымен жалғасты.                                                Сонымен қатар, көрермен қауымға Дәулетханов Е. мен Баилов Ж. дуэты, шығармашылық топпен ұйымдастырылған әдеби монтаж және домбырамен сүйемелденген күй ұзаққа есте қалар. Халықтар достығы жайлы әнмен ИЯ-22 және ҚТ-21 топтарының студенттері ұйымдастырған концерт өз мәресіне жетті.

Ерасыл Даулетханов