Біздің  жоғары оқу орынының белсенді студенттері ,бейнелеу қолөнерінің ұжымының облыстық және қалалық сайыстың жүлдегерлері Құсайынова Диана,Хамитова Диана және Темірбекова Фариза ЭКСПО  2017 де Шығыс Қазақстан облысының шығармашылық ұжымы қатарында болды.

25 тамызда біздің қыздар ЭКСПО 2017 көрмесінде Амфитеатр жұлдыздар аймағында гала-концертке қатысты,онда олармен бірге Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева өнер көрсетті.Біздің аймақтық концерттік бағдарламасы ЭКСПО қонақтарына ұнап,әрбір қойылым ерекше қошеметке ие болды.Астанадан жолсапардан келісімен студенттер өздері алған әсерлерімен бөлісті.Олар осындай ерекше  шараға қатысу бақыт деп санап,қуаныштары көкке жетті.Қыздар әрбір мемлекеттің қол жеткізген жетістіктерге,павильондардың әртүрлігінен,көру ауқымдылығынан таң қаларлық әсер алды.

Біздің қыздар тек қана қалалық шығармашылық жарыстардың қатысушылары ғана емес,сонымен қатар,студенттік  мен жарыстардың ұйымдастырушылары,сондықтан да олар халықаралық көрмеге қатысқандағы жарқын ерекше оқиғалармен бөліседі.

admin