16 қараша  2018 жылы «Ұлттық валюта күніне» орай Қазақстан инновациялық университетінде «Экономика, қаржы және есеп» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қаржыгерлер күні» аталып өтті.

Шара барсында, «Экономика, қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы Адришева Н.С. «Ұлттық валюта күнінің тарихы»  жөнінде баяндама  жасап, қысқаша тоқталып кетті. Меркекелік іс шараға «Қаржы» мамандығының  студенттері белсене ат салысып, көрермендердің көз айымы болды. Атап айтсақ, Ф-31 тобының студенті Махметжанова Аида «Тойла» әнімен концерттік бағдарламаны ашып, көрермендерге шашу шашылды. Сонымен қатар, Ф-41 тобының студенті Каримова Арайлым «Үнді әнімен» таң қалдырса, «Қаржы»  мамандығының   3-курс студенттері КТК бағдарламасымен студенттердің көңілдерін бір марқайтып тастады. Ф-41 тобының студенті Темірбекова Фариза «Кендель» биімен көрермендердің назарын аударса, Ф-22 тобының студенттері әзілқой бейнебаянымен елдің көңілін көтерді. Мерекелік іс шара соңында, Ф-11 тобының студенті Тұрсынов Ерсін «Ұлы дала» әнімен шараны аяқтады.

Сонымен қатар, «Экономика, қаржы және есеп» кафедрасының Ф – 31 тобы студенттерінің бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын негізге ала отыра, ҚР – ың Ұлттық валютасының 25 жылдық мерейтойы шеңберінде «Қайырымдылық – адам жанының нұры» қағидасын ұстана отырып, қаламыздағы балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жетім балапандарымызға Жаңа жылға тосын сый ұйымдастыру мақсатында «Қаржыңмен бөліс» қайырымдылық акциясы өткізілуі туралы хабарландыру жіберілді. Марафон сол күннен бастап желтоқсан айының жиырмасына дейін жалғасады. Қаржылық көмек «Экономика, қаржы және есеп» кафедрасында орналасқан «Қаржыңмен бөліс» қайырымдылық қорапшасында жинақталады.

Қаржы күніне орай, тек қана концерттік бағдарламалар ғана ұйымдастырылып қоймай, сонымен қатар, студенттердің көңілін көтеру мақсатында үзіліс арасында әр түрлі сайыстар өткізіліп, аудиториялар арасында жалпы шашу шашылды.

Жалпы, «Қаржы күні» іс шарасы жоспарға сай болып, тиісті деңгейде өткізілді.

«Экономика, қаржы және есеп»

кафедрасының оқытушысы, э.ғ.м. Сансызбай Е.С.