Жаңа жыл қарсаңында университетімізге қуанышты жаңалықтар келді. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы жыл нәтижесінде біздің университет қызметкерлеріне Тәуелсіз Қазақстанның рухани және  әлеуметтік дамуы жолында  қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор  қосқан үлесі үшін берілді.

Олардың ішінде, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры -Комбарова Айгүл Маратқызы , интернационалдандыру, әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор -Анара Бухаева, бизнес, құқық және білім Институтының директоры — Мадина Шайхова, «Экономика және қаржы» мамандығы бойынша кафедра меңгерушісі — Қадыров Берік Қайпқанұлы , оқу бөлімінің бастығы -Орынбасарова Айжан Абеухановна , Инновациялық оқыту технологиялары орталығының жетекшісі -Оспанова Динара Манаповна, кітапханашы-Вотякова Ирина Анатольевна марапатталды.

ҚИУ қызметкерлері әріптестерін тамаша оқиғамен құттықтайды және білім беру мен тәрбиелеу үдерістерін жетілдіруде, еліміздің гүлденуі үшін білікті тәжірибелі мамандарды даярлауда одан әрі табыстар тілейді.