Бухаева Анар Арғынқызы

Саясаттану ғылымдарының докторы, әлеуметтік құқықтық және

тәрбие жұмыстарының проректоры

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих -саясаттану мамандығын бойынша 1995 жылы аяқтады.

Ұстаздық қызметі 1998 жылдан Семей қаласының Мемлекеттік қаржы институтында «»Әлеуметтік- гуманитарлық пәндер» кафедрасында басталды.

2005 жылы 23 00 02 — Саясат институты, ұлтаралық саясаттағы қайшылықтар. Ұлттық және саясат іс жүргізу мен технология мамандығын  «Қазақстан Республикасының біркелкі ұлттық қалыптасуының  мәселелеріне саяси талдау» тақырыбы бойынша диссертациялық тақырыбын қорғады.

«Қазақстан Республикасының этникалық біркелкілік интеграция және шоғырландыру факторы  ретінде» тақырыбы бойынша 2012 жылы докторлық диссертациясын қорғады.

2006 жылы Қазақ қаржы- экономикалық академиясының ғылыми кеңесінің шешімімен «Әлеуметтік қамсыздандыру пәні және құқығы» кафедрасының меңгерушісі болып сайланды. Кафедраның ұйымдастырушылық қабілеттері оның бірлескен шығармашылық жұмыстарынан көрініс табады.

Анар Арғынқызының басқарушылық қызметі кезінде екі адам кандидаттық диссертациясын қорғаса, бір адам докторлықты қорғап, Семей қаласының жоғары оқу орындарында басқарушының және декандық, проректорлық  қызметтерді атқаруда.

Жыл сайын өтетін әртүрлі халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысады. (Қырғыстан, Белоруссия, Россия, Монголия).  Маңызды Республикалық басылымдардағы 60-тан астам ғылыми еңбектердің, «Этносаясаттануға кіріспе» атты ғылыми оқулығының авторы. «Ұлтаралық келісім қоғамдық шоғырландыру факторы ретінде» этносаясат бағытында қолданылып жүрген монографияның авторы. Анар Арғынқызының ғылыми оқу орталығының әлеуметтік зерттеулердің оқу-ғылыми орталығында басшылық қызметте тәжірибесі мол. Анар Арғынқызының басшылығымен университетішілік  және қалалық  әр түрлі мәселелер бойынша: саяси, экономикалық және әлеуметтік қоғамның дамуы тақырыптарында ғылыми- теориялық зерттеулер жүргізілген болатын.

Президенттің Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша қалалық ақпараттық- насихаттау тобының мүшесі болып табылады. Анар Арғынқызының басшылық жасауымен және ұйымдастыруымен конференциялар, дөңгелек үстелдер және семинарлар өткізілді.

2011 жылдан бастап, ҚазҚЭА-ның бағдарламаларды іске асыру бойынша «Қазақстандағы Темпус IV» және «Студенттік өзін-өзі басқару және Қазақстандағы демократиялық қатысуы» жобаларының координаторы болып табылды.

Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауларын түсіндіру бойынша ақпараттық- насихаттау жұмыстарына белсенді атсалысқаны үшін, және ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М.Сапарбаевтың мақтау қағазымен марапатталған.

Ақпараттық- насихаттау жұмыстарына қатысқаны үшін, және белсенді азаматтық ұстанымдары үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімінің мақтау қағазымен марапатталған болатын.

Қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, жемісті еңбектері үшін, мемлекеттік таңдалған бағытқа қолдау көрсетуі және экономикалық тұрақты мемлекет құру бағытында және әр азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының «Союз Атамекен» ұлттық экономикалық палатасының өкілі Б.Искакованың (2011жыл.) алғыс хатымен марапатталған. Оқу әдістемелік және тәрбие жұмыстарындағы жетістіктері үшін Семей қаласының әкімінің мақтау қағазымен марапатталған болатын (2013жыл.)