Мемлекеттің даму жолындағы жастардың алатын орыны маңызды. «Мәнгілік Ел» идеясын қолдай отырып Қазақстан инновациялық университетінің студенттері рухани адамгершілік бағытында тәрбиеленуді қолдайды.

Экстремизім, терорризімнің алдын алу мақсатында 2018 ж 30 наурыз күні Қазақстан инновациялық университетінде Семей қаласы әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің және ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталағының өкілдерімен кездесу өтті.

ШҚО Дін мәселелерін зертеу орталығы Семей өңірлік орталығының ақпараттық түсіндіру тобының маманы Садыков. Д деструктивті діни ағымдарының жастарға кері әсерін тигізетіні туралы мәлімдеді.

ШҚО Дін мәселелерін зертеу орталығының мамандары жастардың діни ағымдарға кетуін, сондай-ақ оның таратылу дәрежесіне түсіндірді. Сонымен қатар жастар арасында «дінге деген көзқарасын» анықтап мысалдар келтірілді.

  Діни сауаттылық пен құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында Орталық мамандары Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының негізгі тармақтарын түсіндірді. Өздерін және жақын адамдарын жалған діни ұйымдардың ықпалынан қорғау туралы бейнебаяндар көрсетілді. Орталық қызметкерлері кураторлар студенттермен бірге кураторлық сағаттарда жұмыс жасайтын әдістемелік материалдарды ұсынды.

 Қортындылай келе мамндарға қойылған сұрақтарға студенттер толық жауап алынды.