Home Жаңалықтар Конференция қорытындысы шығарылды

Конференция қорытындысы шығарылды

24

4 сәуірден 2 мамырға дейін ҚИУ-да жыл сайынғы ғылыми сессия өткізілді, оның аясында «Семей қаласының жастар мәслихаты өкілдерінің шақыруымен Президенттің жастар үшін бес әлеуметтік бастамасының маңызы», «Болашақтың сандық саласы», «ҚР Қаржы жүйесін қалпына келтіру: проблемалары мен перспективалары» тақырыбында студенттердің қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізілді. Мастер класс «Жоғарғы білім жүйесінде оқытудың инновациялық әдістері». Докторанттар,  магистранттар,  жас ғалымдардың ғылыми-практикалық конференциясы, «Студенттік ғылым және оның Қазақстан Республикасының инновациялық дамуындағы рөлі» тақырыбындағы конференция,  Елбасының «Рухани Жангыру тарихынды тану» атты мақаласы аясында өткізілген конференция және облыстық студенттік олимпиадасы өтті.

Студенттер конференциясы мен олимпиадаға біздің университеттің өкілдері, сондай-ақ  Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университет студенттері, Семей қаласындағы Р. Байсеитов атын. қаржы-экономикалық  колледжі студенттері қатысты. Студенттік конференция пленарлық отырыста және алты параллель секциядан  тұрады — білім беру мен ғылымның қазіргі мәселелері; Ақпараттық технологиялар: даму перспективалары; Қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-гуманитарлық және жалпы білім беру пәндерінің өзекті мәселелері, экономика мен қаржы саласын жаңғырту тәсілі ретінде болашақтың ғылыми көзқарасы; Құқықтанудың өзекті мәселелері, бухгалтерлік есеп және туризмнің өзекті мәселелері.Пленарлық мәжіліс және әр секция баяндамашылар үшін ұсынылған.

Ғылыми сессияны қорытындылай келе, ҒЖ және И проректоры, профессор А.А Мухамедиева  барлық қатысушыларға алғысын білдірді, оқытушылардың және студенттердің ғылыми қызмет саласындағы жетістіктерін атап өтті. Үздік жобалар мен баяндамалардың авторлары университеттің президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор Н.Ә. Әпсәлемовтың дипломдары және сертификаттарымен марапатталды.

Марапатталған студенттер арасында кіші және жоғары курстар бар: Құрманғалиев Зинур, Тулубаев Диас, Кальденбергер Ирина, Боранбай Айдана, Мұратова Айнара, Шевченко Алина, Рахымбекова Динара, Умбетова Дарига, Слямгалиева Балжан, Әмірғазинов Сұлтан, Мұратова Айзада, Мухалетгалиева Наргиз, Қайроллина Нурдана, Сарсенова Лаура, Тұрсынгалиева Қарлығаш, Төлеуханов Ескендір.