Home Жаңалықтар ҚИУ–нде 11 сынып оқушылары арасында Олимпиада өтті

ҚИУ–нде 11 сынып оқушылары арасында Олимпиада өтті

100

Қазақстан Инновациялық Университетінің аясында  12 желтоқсанда  қала мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында олимпиада өткізілді, онда қалалық білім беру мекемелерінің түлектері қатысты. Тестілеуден өткеннен кейін, олимпиаданың бірінші кезеңінде 5 оқушы екінші айналымға қатысып, «Менің болашақ мамандығым» тақырыбындағы презентациясын қорғады.

1 орынды  №27 мектептің 11 сынып оқушысы Хасенова Ақерке  алды. 2-орынды  №2 мектептің 11-сынып оқушысы Құрманова Аружан алды. 3 орынмен  11 «В» сынып оқушысы № 27 мектептің оқушысы Хамитова Айгүл марапатталды.         Оқушыларды олимпиадаға жан-жақты  дайындағаны үшін ҚИУ президентінің  алғыс хаттарымен  № 34 орта мектептің мұғалімі Мұқышова Г.Г., Кусаинова А.Б., №12 мектептің мұғалімі  Потягаялова И.Е., №10 орта мектептің мұғалімі , Крылова Ю.С., № 27 орта мектеп  Чуйрюкова А.К., Мужиченко Т.Г., Тулеубекова Т.Т., № 48 орта мектебі Схакова Ж.К., № 15 мектептің мұғалімі Жакупова Қ.Б., Ахметжан Ф.С.марапатталды.