Home Жаңалықтар Ұлттық университет рейтингі

Ұлттық университет рейтингі

112

Ағымдағы жылда уәкілетті орган  республикамыздың көптеген ұлттық, мемлекеттік және жеке меншік жоғары оқу орындарының қатысуымен ЖОО Ұлттық рейтингісі – 2018 өткізілді.

Аталмыш рейтингіде Қазақстан инновациялық университеті жеке-дара білім беру бағдарламалары бойынша қатысып, келесідегідей нәтижелер көрсетті: еліміздің ілгеріде атап өткен ЖОО-ын қосқанда біздің оқу орнымыз «Есеп және аудит» мамандығы бойынша – 14 орын, «Қаржы» мамандығы бойынша – 18 орынға ие болды.

Ұлттық рейтингіде академиялық кадрлар, оқытушылардың ғылыми және интеллектуалды біліктіліктері, халықаралық ынтымақтастық, студенттердің оқу нәтижелері сынды негізгі көрсеткіштер ескерілді.